Алматы облысында 700-ге жуық мерекелік іс-шара өтеді

Алматы облысында өңірдің екі миллион тұрғыны мен қонақтары Наурыз мейрамын дәстүрлер мен жаңашылдықтарды үйлестіре отырып, жаңа ауқымда қарсы алмақ.

Облыс көшелері Наурыз мерекесінің жаңа логотипі бейнеленген жарқын плакаттармен безендіріліп, мейрамханалар мен дәмханалар, оның ішінде Қонаев қаласындағы атақты мекемелер келушілерге, ұлттық тағамдардан мерекелік ас мәзірлерін ұсынады.

Наурыздың 1-і мен 25-і күндері аралығында 92 ірі сауда орталығында «Наурыз сату» жеңілдік акциясы өтуде. Сонымен қатар 11-24 наурыз аралығында ірі сауда орталықтарының алдында «Наурыз қалашықтары» ұйымдастырылып, келушілер қазақтың киіз үйлерін, көрмелерін, жәрмеңкелер мен Тик-Токтағы фоторепортаждарды тамашалай алады.

Наурыздың 14-і мен 23-і аралығындағы Наурызнама онкүндігі жаңа дәстүрлер енгізіп, мерекені идеологиялық мағынамен, әр күнін тақырыптық бағыттарымен толықтырады:

14 наурыз: «Көрісу күні – Амал мерекесі» 3 000 адам қатысатын кездесулермен мерекелік іс-шаралар және театрландырылған көріністер;

15 наурыз: Қайырымдылық акцияларымен және қарттар үйіндегі іс-шаралар;

16 наурыз: 2 000 адам қатысатын мәдени шаралармен көрмелер және концерттер;

17 наурыз: «Шаңырақ» атты отбасы құндылықтарына арналған байқаулар мен мерекелік жәрмеңкелер;

18 наурыз: «Ұлттық киім күні» және 500 адам қатысатын ұлттық киім үлгілерінің тақырыптық көрсетілімі мен челлендждері;

19 наурыз: «Жаңару» күндері бағытында Алматы облысы бойынша 15 850 ағаш отырғызылып тазарту сенбілігі өтеді.

20 наурыз: «Ұлттық спорт» тақырыбында ойындар ұйымдастырылады.

21 наурыз: «Ынтымақ» тақырыбындағы тұрғын үй кварталдарының ұлттық мерекелік іс-шаралары;

22 наурыз: «Жыл басы» атты бұқаралық шаралар, халықтық мерекелер мен мерекелік жәрмеңкелер;

23 наурыз: «Тазару» жалпыұлттық экологиялық және аумақтарды жаппай тазалау науқаны;

Мерекелік іс-шаралардан бөлек, Алматы облысының дамуы мен өркендеуінің символына айналатын, облыстағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт кешендерін, кәсіпорындар мен емдеу мекемелерін қамтитын жаңа нысандарды ашу жоспарланып отыр.

Қорыта айтқанда, Алматы облысындағы Наурыз мейрамын тойлау, өңірдің мәдени мұрасының байлығы мен тұрғындарының бірлігін көрсететін жарқын және ұмытылмас оқиға болмақ. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6881 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3938
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2618
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3338
19 марта родились
Бауыржан Байбек
бывший первый заместитель председателя партии Nur Otan
Умут Шаяхметова
председатель правления АО «Народный банк Казахстана»
Валентин Морозов
председатель правления Евразийского банка
Forbes Video

Как Дамир Аманжолов боролся с мародерами и помогал раненым во время беспорядков в Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить