Теңіз кен орнынан Баку - Тбилиси - Джейхан мұнай құбыры бағытында мұнай тасымалдау көлемі 232 мың тоннаны құрады

 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Теңіз кенішінен Баку - Тбилиси - Джейхан мұнай құбыры бағыты бойынша 232 мың тонна көлемінде қазақстандық мұнайды жөнелтті. Осы кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 331 мың тонна мұнай жөнелтілді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ нысандарын пайдалана отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнайды тиеу көлемі 3 млн 376 мың тоннаны құрады, оның ішінде Баку - Тбилиси - Джейхан бағыты бойынша 1 млн 057 мың тонна болды.

2022 жылы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан Баку - Тбилиси - Джейхан мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.

 

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6774 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2736
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Куанышбек Есекеев: 5G, интернет в сёлах и киберспорт

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить