Түркиядағы каратэ турнирі: Қазақстан жарысты екі алтын, үш қоламен қорытындылады

Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі аяқталды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, әлемдік рейтингіде әр салмақ бойынша үздік 32 спортшы ғана бақ сынайтын ауқымды жарысқа 60 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Қазақстаннан 14 каратэші қатысып, екі алтын, үш қола жүлдеге ие болды.

Кумите бағдарламасында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) алтын олжаласа, Бэлла Самашева 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Сондай-ақ Азия ойындарының чемпионы Нұрқанат Әжіқанов 75 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені жеңіп алды. Нұрқанат алғашқы айналымда Франция өкілін, кейін Квентин Маходенді (Белгия) тізе бүктіріп, ширек финалда түркиялық Юрур Омер Фарукке есе жіберді. Үшінші орын үшін бәсекеде франциялық Энцо Бертонды ұтты.

Осыған дейін Азия ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы Әсел Қанай мен Токио олимпиадасында олжа салған Софья Берульцева үздік үштікке іліккен еді.

«Халықаралық жарыстарда Қазақстанның әнұранын шырқату үшін көп күш жұмсайсың. Мен бақыттымын, бірінші орын алдым. Спортшының тұғырға шығып, қолын жүрегінің тұсына қойып, өз елінің әнұранын орындау – үлкен бақыт. Осы кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мені қолдаған әрбір жанға алғыс білдіремін! Алға, Қазақстан!», - деді жарыстан кейін Мөлдір Жаңбырбай.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Софья Берульцеваның Түркиядағы турнирде қола жүлдені жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4779 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4037
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2733
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3436
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Джохар Утебеков: Новый старый Казахстан

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить