Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Аустрияға сапары аясында құрылыс, логистика және машина жасау салаларындағы жетекші компаниялардың басшылығымен кездесті.
Lasselsberger Group компаниясының бас атқарушы директоры Йозеф Ласселсбергермен сұхбат барысында Астанада керамикалық тақтайшалар, құрғақ құрылыс қоспалары мен құрылыс желімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы талқыланды. Жоба импортты алмастыруға бағытталған және 200-ден астам жұмыс орнын құруды көздейді. Бұған қоса, металлургия саласындағы жоғары деңгейде өңдеу жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды.
Gebrüder Weiss компаниясының директоры Вольфрам Зенгер-Вайсспен кездесу барысында компанияның Қазақстанда мультимодальды жүк тасымалдауын кеңейту, сондай-ақ А класты қойма терминалдарының желісін ұлғайту жоспарлары талқыланды.
Сонымен қатар Plasser & Theurer компаниясының бас атқарушы директоры Йоханнес Макс-Тойрермен кездесу өтті. Тараптар еліміздің темір жолдарын цифрландыру бойынша пилоттық жобаның іске асыру барысын қарастырды. Жоба жоспарлы-сақтандырмалық жөндеу жұмыстарын оңтайландыруды, теміржол құрамдарының қозғалыс жылдамдығын мен қауіпсіздігін арттыруды көздейді.
Нұртілеу аустриялық бизнестің қызығушылығын құптап, жобаларға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»