Бектенов Shell PLC атқарушы вице-президенті Костелломен жергілікті қамтуды арттыру мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Shell PLC концернінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті, онда мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы қаралды.

Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша мұнай мен конденсат өндіруді жылына кемінде 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру – басым міндеттердің бірі. Осы мақсатта тараптар шикі газды кері айдаудың қосымша компрессорларын уақтылы іске қосуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жобаның толыққанды қызметін қамтамасыз ету мақсатында акционерлердің есебінен Қарашығанақтағы қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда.

Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына ерекше назар аударылды. Өткен жылы мұнай өндіру 18,77 млн тонна, газ өндіру 11,86 млрд м3, газды қабатқа кері айдау 5,83 млрд м3 құрады. Кен орнын толық игеру үшін Қашағанда газ өңдеу зауытын салу мәселесі пысықтау сатысында тұр.

ҚР Үкіметінің басшысы жобаларды іске асыру шеңберінде, оның ішінде Қазақстан аумағында жоқ өндірістерді оқшаулау арқылы қазақстандық қамтуды арттырудың басымдығын атап өтті.

«Бүгінде жоба операторларының жұмысындағы жергілікті қамту үлесі қолайлы деңгейде, ал тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі әлі де өте төмен. Бұл өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен тығыз қарым-қатынасты қажет етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады. Сондай-ақ талқылау нәтижесінде жақын арада ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұлғайту мақсатында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы қайта қаралатын болады.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар Shell компаниясының Қазақстандағы әлеуметтік және білім беру жобаларының оң әсерін атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7215 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3789
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2443
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3197
Forbes Video

Что не так с национальной политикой Казахстана?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить