Польша Республикасына 11 білім беру гранты

2024 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде «бакалавриат», «магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша Польша Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға құжаттарды қабылдау басталады. Өтінімдер 2024 жылғы 26 наурыз сағат 9:00-ден 2024 жылғы 18 сәуір сағат 18:30-ға дейін «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн қабылданады.

Қазақстандық азаматтар үшін 11 грант бөлінді:

  • «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша-3 грант;
  • «Магистратура» бағдарламасы бойынша-4 грант;
  • «Докторантура» бағдарламасы бойынша-4 грант.

Грант мынадай шығыстарды жабуды көздейді:

  • тегін оқыту;
  • «Докторантура» бағдарламасы бойынша оқу кезінде ай сайынғы стипендия.

Қазақстан азаматтарының «Бакалавриат», «Магистратура» бағдарламалары бойынша тұруы білім алушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Барлық стипендиаттар медициналық сақтандыру алуға міндетті.

Оқыту тілі – поляк тілі. Поляк тілін оқыту бойынша міндетті дайындық курстары қарастырылған.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:

  1. балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
  2. балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;
  3. Тәуелсіз сараптама комиссиясын бағалау.

Қажетті құжаттар туралы қосымша ақпаратпен, құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
11951 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2735
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Как казахи хотели Чингисхана «украсть»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить