Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктіктеріндегі дербес миссияға кірісті

БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағында Голан биіктігінде орналасқан Фауар бітімгерлік базасында Қазақстанның бітімгерлік контингентіне ұйымның туын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі деп хабарлайды.

Іс-шараға «БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясының басшысы генерал-лейтенант Курмал Нирмал және миссия құрамындағы бітімгерлік контингенттердің басшылары қатысты.

«Миссия қолбасшысының резерві болу үлкен мәртебе, – деп атап өтті генерал-лейтенант Курмал Нирмал қазақстандық әскери қызметшілерге арнаған сөзінде. – Сіздерге кәсіби біліктілік пен тиісті құзыреттілікті талап ететін ең жауапты міндет жүктеліп отыр. Қазақстандық бөлімше де Ирландияның бітімгерлік контингенті сияқты өзіне жүктелген миссияны лайықты деңгейде орындайтынына сенімдімін».

Ирландиялық бөлімшенің басшысы подполковник Оливер Клиар БҰҰ Туын Қазақстан ұлттық контингентінің командирі подполковник Жігер Аиповқа салтанатты жағдайда тапсырды.

«БҰҰ туын тапсырған сәттен бастап біздің бөлімше Голан биіктіктеріндегі миссияның толыққанды қатысушысы болды. Енді біз тапсырма бойынша жүктелген міндеттерді орындауға кірісеміз», – деп түсіндірді подполковник Жігер Аипов.

Бір жыл ішінде қазақстандық бітімгерлік контингент жергілікті жерді патрульдеумен, блокпосттарды күшейтумен және қарсылас тараптар арасындағы атысты тоқтату режимін қолдаумен айналысып, БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес басқа да міндеттерді орындайтын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
11411 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4037
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2733
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3436
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить