Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды

Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Энергетика министрлігінің жоспар кестесіне сәйкес кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау үшін жүргізіледі.

«ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы алдын алу жұмыстары басталған уақытта зауыттарда мұнай өнімдерінің бүкіл желісі бойынша жеткілікті қор қалыптастырылған.

– Қор ішкі нарыққа біркелкі ретпен жөнелтілетін болады. Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары отынды штаттық режимде өндіруді жалғастыруда, – делінген хабарламада.

«ПКОП» серіктестігі жұмысқа тартылған мердігер ұйымдармен жоспарлы-алдын алу жұмыстары мәселелері бойынша бастапқы кеңес өткізді.

Сондай-ақ, зауыт басшылығы жоспарлы-алдын алу жұмыстары барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау бойынша міндеттер қойғанын атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
9881 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3935
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2614
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3337
Forbes Video

Ректоры крупнейших частных вузов Казахстана о проблемах образования

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить