Ауыл шаруашылығы санағының пилоттық жобасы өтетін қалалар мен елді мекендер анықталды

Үкіметте ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, ақпарат жүйелерінің, оның ішінде интернетке қосылмау сияқты түрлі жағдайдағы жұмыс ретін тексеру үшін әр аймақтан елді мекендер таңдалған.

«Ауыл шаруашылығының пилоттық санағын өткізу қағидаларының жобасы әзірленді, «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтардың қатысуымен фокус-топтардың отырыстары өтті, елді мекендердің цифрлық карталарын ұсыну немесе әзірлеу мәселелері пысықталып, мобильді және веб-қосымша әзірленіп жатыр, — деп хабарлады Мақсат Тұрлыбаев.

Ауыл шаруашылығы санағының пилоттық жобасы биыл тамыз айында басталады. Санақ аумақтық бөлімше қызметкерлерінің күшімен іріктеу негізінде өткізіледі. Пилоттық жоба аясында 2 ауыл және 1 қаладан барлық өңір қамтылады.

Санақ интернет арқылы онлайн режимде арнайы сайтта және респонденттер арасында сауалнама жүргізу арқылы өтетін болады. Мұндағы мақсат – әдіснаманы, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, санақ парақтарын және далалық жұмыстардың ұйымдастырылуын, интернет сапасын және интернет болмаған жағдайдағы жүйелердің жұмысын сынақтан өткізу.

Мысалы, ауыл шаруашылығы санағының пилоттық жобасын өткізу үшін ШҚО-да Шемонаиха қаласы, Павлодар облысында Ақсу қаласы, Бірлік пен Қарақұдық ауылдары, Түркістан облысында Сарыағаш, Ынтымақ, Кершетас таңдалды. Пилоттық жоба республикалық маңызы бар қалаларда да өткізіледі. Атап айтқанда, Алматыда – Көлсай шағын ауданында, Астанада – Күйгенжар тұрғын алабында, Шымкентте – Ақжарда.

Қазір ҰСБ дербес деректерді қоса алғанда, қажетті деректерді ЖМБМК, СБМАЖ, АШТМТ, АШЖБ ақпараттық жүйелерінің көмегімен үздіксіз алу мәселелерін, картографиялық материалдардың (елді мекен карталары мен схемалық жоспарлардың) цифрланған түрін ұсыну және басқа да ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерді пысықтап жатыр.

Серік Жұманғарин пилоттық жобаны белгіленген мерзімде – 2024 жылдың тамызында уақтылы және толық бастау үшін туындаған мәселелерді шешуді жеделдетуді тапсырды.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа қожалықтарының, қалалар мен ауылдардағы жеке қосалқы шаруашылықтардың, сондай-ақ бау-бақша және саяжай кооперативтерінің толық санағы жүргізіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5708 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3935
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2614
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3337
Forbes Video

Стрит-арт культура в Казахстане. Есть ли будущее?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить