Алаяқтар азаматтарға 44 млн рет қоңырау шалды

Соңғы уақытта банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу жиілеп кетті. Қазір шетелден жасалған алаяқтық қоңырауларды байланыс операторлары таниды және бұғаттайды. Осылайша, жүйенің жұмыс істеуі кезеңінде 44 миллионнан астам осындай қоңыраулар тоқтатылды. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.

Сонымен қатар алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа жолдарын іздеп тауып жатыр. Қазір, негізінен, шетелдік нөмірлерден және WhatsАpp мессенджерінде қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар тіркелуде. Осылайша, ағымдағы жылы 1 мыңға жуық қылмыс жасалды.

«Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтарды ақшаны шоттан немесе депозиттен қауіпсіз шотына аударуға көндіреді, ол кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады. Сондай-ақ, алаяқтардың сеніміне кірген азаматтар өз еріктерімен несие рәсімдейді немесе олардың айтуымен телефондарына қашықтан қол жеткізу үшін қосымшалар орнатып, банктерден келіп түскен СМС-хабарлама кодтарын хабарлайды. Осылайша, азаматтардың өздері банктер қолданатын барлық қауіпсіздік шараларын айналып өтеді», – деді ведомство өкілі.

Кейбір жағдайда алаяқтар қолда бар мүлікті - пәтер, автокөліктерін кепілге қояды немесе сатады, ал түскен ақша алаяқтардың шоттарына аударылады. Спикер банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді хабарлауды сұрамайтынын және телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін ескертті.

«Министрлік осындай қылмыстарды алдын алуға және ашуға бағытталған шаралар қабылдауда. Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу, оның ішінде полициямен жедел өзара іс-қимыл бойынша қосымша шаралар іске асырылуда»,-деді Ж.Сүйінбай.

Байланыс операторларымен фрод-қоңырауларға қарсы іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды. «Колеса», «Крыша» хабарландыру сайттарымен және ЦАРКА IT-компаниясымен осындай келісімдерге қол қойылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6523 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Что будет с банком Bereke?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить