Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге барды

Мәжілісмендер Ақмола, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында жүр. Депутаттар халықпен кездесіп, қажетті көмек көрсетуді қадағалауда. Еріктілердің жұмысын үйлестіріп, қажет болған жағдайда гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етуде.

Мәжіліс депутаттары Айна Мүсірәлімова мен Юлия Кучинская Ақмола облысындағы Қоянды кенті мен Көкшетау қаласында болып, су тасқыны жағдайымен танысты, жедел штабтарды аралап, өңір тұрғындарымен кездесті.

Жұма күні Мақсат Толықбай, Қазыбек Әлішев пен Асқар Садықов Ақтөбе облысына барды. Олар Қобда ауданының тұрғындарымен кездесті. Мақсат Толықбай ауылды су басу жыл сайын қайталанатынын атап өтті.

Сенбі күні депутаттары Аманжол Әлтай мен Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысының Жезді ауылына барды. Мәжілісмендер су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, жергілікті жердегі ахуалмен танысты, сондай-ақ зардап шеккен үйлерді аралады. Үйлердің көбі қалпына келтіруге келмейді.

Нартай Сәрсенғалиев пен Сергей Пономарев Батыс Қазақстан облысында болып, су тасқынынан зардап шеккен Теректі ауданы Аңқаты ауылының тұрғындарымен кездесті.

– Біз аудандық әкімдікпен бірлесіп жұмыс істейміз. Комиссия мүшелері үйлердің бәрін су басқаннан кейін емес, қазіргі жағдайын бағалайды. Ахуал толығымен тұрақтанғанша біз ауыл тұрғындарының қасында болып, жағдайды бақылауда ұстаймыз, – деді Нартай Сәрсенғалиев.

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл Арқалық қаласының тұрғындарымен кездесті. Мәжілісмен су тасқынының салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Еркін Әбіл Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, зардап шеккен үйлерді аралады. Одан әрі депутаттар облыс орталықтарына баруды жоспарлап отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
9828 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3935
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2614
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3337
Forbes Video

Казахстанский фастфуд идёт в Россию

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить