Қазақстанның су қоймалары тағы 25,6 текше шақырым су қабылдай алады

Су ресурстары және ирригация министрлігінің негізгі міндеті - жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін және тасқын суын жинау және оны қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларының жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның су қоймалары 25,6 текше шақырым су қабылдай алады. Су қоймаларына 63 текше шақырым су жиналды, бұл айдың басындағы көрсеткіштен 2,9 текше шақырымға артық.

Мәселен, Ақтөбе су қоймасына екі тәулік ішінде (27-29 наурыз аралығында) 200 млн текше метр су түсті, яғни су қоймасының жалпы көлемінің 75%-нан артық. Төтенше жағдайдың алдын алу және халықты уақтылы эвакуациялау үшін су қоймасында ең жоғары деңгейден 15 миллион текше метрге артық су жинау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Ақтөбе су қоймасындағы су деңгейі тұрақтандырылды.

Бүгінде Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі өзендердің бассейндеріндегі су қоймалары суару кезеңіне дайындалып жатыр. Елдің орталық, солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмысы жүріп жатыр, су қоймаларының жұмыс кестесі туралы Төтенше жағдайлар департаменттері мен жергілікті атқарушы органдар сағат сайын хабардар етіледі.

«Жедел ден қою мақсатында біз күнделікті мониторинг жүргіземіз және әкімдіктер мен ТЖД-ны хабардар етеміз. Тобыл-Торғай бассейнінің (Қостанай облысы) ірі су қоймалары 550 млн текше метрден астам су қабылдай алады»,- деді ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6149 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3996
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2688
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3395
24 апреля родились
Мурат Мутурганов
артист цирка
Галымжан Пирматов
председатель Национального банка РК
Гульнар Иксанова
депутат мажилиса VI созыва, экс-руководитель агентства «Хабар»
Forbes Video

Казахстанский фастфуд идёт в Россию

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить