Үкіметте инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі өзектендірілген шаралар кешені қаралды

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі өзектендірілген шаралар кешенінің жобасы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Құжат 2025 жылға дейін ұзартылып, жаңа іс-шаралармен толықтырылмақ. Жаңа шаралар күзгі егіннің көкөніс қорларын қалыптастыруға, химия саласында инвестициялық жобаларды, жеңіл өнеркәсіпте импортты алмастыратын жобаларды іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ Шымкентте жылыжай кешені мен көкөніс қоймасын, ШҚО-да өсімдік майын өндіру зауытын, Алматы облысында ет комбинатын салуға, Қызылорда облысында қарқынды бақтар өсіруге, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйесін орнатуға және т. б. Қарастырылған.

«Өзектендірілген шаралар кешенінде әрбір іс-шара бойынша нысаналы индикаторлар көзделетін болады. Тұтастай алғанда, құжат тауарлар қатарын ұлғайту арқылы инфляциямен күресуге бағытталған. Сондықтан іске қосылған мемлекеттік органдардың барлығы ішкі нарықты қанықтыру үшін отандық өнім өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды күшейтулері қажет», — деп атап өтті ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Кеңесте жалпы шаралар кешенінің жобасы мақұлданды. Құжат алдағы уақытта қажетті келісу рәсімдері мен бекіту үшін жолданатын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5439 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2471
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3223
21 декабря родились
основатель и совладелец Chocofamily Holding
Forbes Video

Пойдёт ли Мухтар Джакишев в политику?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить