Олжас Бектенов: ірі кәсіпорындар ШОБ-ты қолдап, оларға қосымша қызметтер беруі тиіс

Отандық өндірісті ынталандыру үшін премьер-министр жыл соңына дейін ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен жасалатын оффтейк-келісімшарттарының санын кем дегенде екі есеге арттыруды тапсырды. Егер бұрын бұл жұмыс ерікті түрде жүргізілсе, қазір заңнамада ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құру және олармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу міндеті бекітілген.

Бүгінгі таңда ірі тапсырыс берушілер мен отандық өндірушілер арасында моноқалаларда 24,5 млрд теңге сомасына 20 ұзақ мерзімді шарт және 47,3 млрд теңгеге 13 оффтейк-келісімшарт жасалды.

Қолданыстағы тетік аясында моноқалалардың бірқатар кәсіпорны жеткізушілермен тиімді бағамен шикізаттың қажетті көлемін жеткізу жөнінде келісімдер жасасты. Үкімет басшысы бұл шаралар жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Ірі компаниялардың айналасында шағын және орта бизнес субъектілерінің белдеуін дамыту қажет. Бұл ірі компаниялардың міндеті болуы керек. Үкімет тарапынан оларға көмек көрсетілуде. Өз кезегінде олар қарсы міндеттемелер қабылдауы керек», — деді Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда 14 моноқалада 1,5 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 70%-дан 100%-ға дейін жүктелген. 2023 жылы кәсіпорындардың өндіріс көлемі 18,5 трлн теңгені немесе жалпы республикалық көрсеткіштің 40%-ын құрады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7076 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4016
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2712
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3414
9 мая родились
Мурат Байсынов
член правления Altyn Bank
Кайрат Мами
председатель Конституционного совета Республики Казахстан
Forbes Video

Досым Сатпаев: Парламент как парк НУРского периода

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить