Қызылорда облысынан XVIII-XX ғасырлардағы құнды қолжазбалар мен сирек кітаптар табылды

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Қызылордаға іссапар барысында XVIII-XX ғасырлардағы құнды қолжазбалар мен сирек кітаптарды тапты. Халықтың қолында сақталған 24 тарихи мұраның ішінде XVIII ғасырдың соңында жазылған Шариғат туралы қолжазба, 1904 және 1912 жылдары Қазан баспасында шыққан Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабы бар, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ғалымдар Құран мен оның түркі тіліндегі түсініктемесін, «Жами ар-Румуз», 1909-1910 жылдары Мысыр баспасынан шыққан «Бадаи ас-санаи фи тартиб аш-Шараи» (Жолды ретке келтірудегі ғажайып өнер) кітаптарын, 1898 жылы басылған «Шарх Канз ад Дакаик» кітабының 6-шы томын, «Канз ад дакаик» (Дәлдіктің қазынасы) жинағы және Ташкентте жарық көрген «Аллаяр сопының хикметі» мен «Нұр әл ғашықин» (Сопылық) кітаптарын тапты. Тарихи мұралардың барлығы Ұлттық орталықтың қорына табыс етілді.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ литографиялық баспадан шыққан, Қазанда басылған «Хафтияк Шариф», Ташкентте басылған «Өлеңдер», «Фикһ» кітабы, «Ғияс әл Луга» (сөздік) және өзге де құнды қолжазбалар да орталықтың қорын толықтырды.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Жазба дүниелердің барлығы жергілікті халықтың сандығында, шатырында, сарайында сақталған. Көне жазбалардың жағдайы өте нашар және реставрацияны қажет етеді. Қазір реставрация-консервациялық зертханада кітаптарға дезинфекция мен дизенсекция жасалып жатыр. Әрі қарай қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, көшірмесі жасалады»,- деді Ұлттық орталықтың Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Камшат Пәрімбекова.

Ғалымдар тобы мемлекеттік кітапхана, музей, архив мекемелеріне де барды. Ұлттық мұраларды іздеу, зерттеу жұмыстары өзге де өңірлерде жалғасады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6162 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4019
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2715
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3417
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Казахстанский фастфуд идёт в Россию

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить