Мысыр бизнесі Қазақстанға келеді

Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі мен Kazakh Invest өкілдері Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Іскерлік кеңеске енгізілген ірі мысырлық компаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында қатысушылар Қазақстан мен Мысыр инвестициялық, сауда-экономикалық мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысырдың барлық араб елдері арасындағы ең ірі үш экономиканың бірі және Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру үшін жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті. Ол тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, көптеген қазақстандық дайын азық-түлік өндірушілерінің 105 миллионнан астам халқы бар Мысыр нарығына шығуға мүдделі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызды инвестициялық тартымдылығы мен рөлін атап, мысырлық компанияларды Қазақстанның кәсіпорындарымен ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, оның толық мәтіні бар брошюраларды табыстады.

Іс-шара барысында қатысушылар назарына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырылды. Kazakh Invest араб елдеріндегі ресми өкілі Құрманғали Аманқосов инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары мен инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы хабарлады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында Raslan Group, Zaher Group, Tawoos Clinic, Daltex Corp сияқты компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өтті және олардың барысында ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, туризм, медицина және т.б. салалардағы ынтымақтастық жолдары талқыланды.

Дөңгелек үстел нәтижесінде мысырлық кәсіпкерлер 2024 жылы Қазақстанға ірі бизнес миссиясын жіберу туралы шешім қабылдады және Kazakh Invest  мен Мысырдың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
12365 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2471
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3223
21 декабря родились
основатель и совладелец Chocofamily Holding
Forbes Video

Алексей Ли: как бизнесмены нового поколения развивают Казахстан

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить