Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жұмысын жалғастыруда

Қазіргі уақытта елдімекендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Суды бұру, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Мәжілісмен Нұржан Әшімбетов Павлодар облысының тұрғындарымен және жергілікті құрылымдардың өкілдерімен кездесті. Депутат Мыңқұл және Петропавловка ауылдарындағы жағдаймен танысты. Мұнда құтқарушылар, жергілікті билік пен тұрғындар бірлесіп жұмыс істеуде. Аудан, ауыл әкімдіктері су тасқынының салдарын жою және бұзылған инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдауда.

Қостанай облысында да су тасқыны қаупі әлі де бар. Осы аптада өңірге Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков барып, су басу қаупі бар аймақтар мен шекаралас өңірлерді аралады.

«Қостанайда су тасқынының салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Еріктілер, мемлекеттік органдар мен партия мүшелері қала жағалауларында су тасқынына қарсы іс-шараларды әзірлеуде. Жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мыңнан астам қап инертті материал дайындалып, 700-ге жуығы төселді», - деді депутат.

Бүгін сондай-ақ бір мандатты округ бойынша сайланған депутат Абзал Құспан Батыс Қазақстан облысындағы апаттан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек қоймасында болды. Депутат пен еріктілердің айтуынша, Оралға 10 тоннаға жуық азық-түлік пен қажетті заттар жеткізілген. Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерден және еліміздің өзге өңірлерінен көмек жіберіліп жатыр. Осының барлығы су басқан аймақтардағы халыққа таратылады. Жолды су шайып кеткен елдімекендерге тікұшақпен жеткізіледі. Әкімдіктің ресми чаттары, еріктілер мен құтқарушылар арқылы тұрғындармен байланыс жасалып отырады. Депутат Абзал Құспан жағдай тұрақталғанша облыста болады.

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Атырау облысы Құлсары қаласына барды. Алдымен ол Қаратон ауылында бөгет тұрғызып жатқан ауыл халқымен кездесіп, бөгеттерді нығайту жұмыстарына да қатысты.

«Апат аясында Үкімет жұмысты күшейтіп, су тасқыны зардаптарын жою үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр. Премьер-министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Үкімет басшысы да, оның орынбасарлары да, Төтенше жағдайлар министрі де зардап шеккен өңірлерді аралап жүр. Барлық жергілікті құтқару жұмысы Мемлекет басшысының жеке бақылауында», – деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда. 5 сәуірден бастап барлығы 15 632 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 055-і бала.

Мәжіліс депутаты бұдан соң халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Құлсары қаласында ашылған штаб жұмысымен танысты, аудан әкімінің орынбасарымен кездесті.

Қазіргі уақытта жалпы саны 559 қызметкер, 148 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 500 ерікті жұмылдырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7812 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2464
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3217
20 декабря родились
сооснователь Meridian Capital Limited
Forbes Video

Глава банка ВТБ (Казахстан) — об уроках пандемии, развитии финтеха и конкуренции с необанками

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить