ҚазМұнайГаз еншілес ұйымы Атырауда бес шақырым ұзындыққа бөгет салып жатыр

ҚазМұнайГаздың Маңғыстаудағы еншілес кәсіпорындары су тасқынынан зардап шеккен және әлі де қауіп төніп тұрған Атырау өңіріне көмек көрсету үшін күш біріктіріп, көрші облысқа қаржылай, гуманитарлық көмек пен арнайы құрал-жабдықтарды жеткізу жұмыстарын кезең-кезеңімен ұйымдастырып жатыр.

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) Орталық аппараты мен өндірістік құрылымдық бөлімшелердің мамандары Махамбет ауданы Алмалы ауылында жағалауды бекітуді жалғастырып жатыр.

«Өзенмұнайгаз» АҚ Атырау облысы Жылыой ауданы, Құлсары қаласына көмекке 4 көтергіш көлік, 4 жүк тиейтін көлік, 8 жүк көлігі, 1 экскаватор, 1 жанар-жағармай тасымалдаушы көлік және 2 автобус бөлді. Жұмысшылардан құралған арнайы топ пен техника Жетібай-Құлсары бағытында бүгін жолға шықты.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) және «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жағаны бекітіп, жасанды бөгет жасау жұмыстарына барлығы 32 000 қапшық, 800 күрек, су өткізбейтін етіктер мен қолғаптарды қоса жіберді. 

Бұдан бөлек, ҚБМ жас мамандары Ақтауда ашылған эвакуациялық пункке жеткізілген атыраулық тұрғындарға жәрдемдесіп, азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек пен гигиеналық заттарды үлестіруге атсалысып жүр.

Атырау облыстық штабы ЕМГ-ге бұған дейін бөлген жер аумағына (3,6 шақырым) қосымша учаскеге бөгет салу жүктелді. Жалпы алғанда, ембіліктер өзен жағалауына 5 шақырым ұзындыққа бөгет салу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4840 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2471
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3223
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Forbes Kazakhstan продолжает серию интервью в рамках рубрики Q&A. На этот раз бизнес-аналитик Батырхан Тогайбаев поговорил с известным отечественным бизнесменом Кайратом Мажибаевым

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить