Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер материалдық шығынды өтеуге 300-ден астам өтініш берді

Облыс бойынша 94 зардап шеккен тұрғынға 28 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленді. Жалпы 2024 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша біржолғы төлемді алуға 346 отбасы ниет білдірген, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлердің материалдық залалдарын есептеу үшін Ақтөбе облысының әр ауданында жеке комиссиялар құрылды. 7 сәуірдегі жағдай бойынша 2018 өтініш түсіп, комиссия мүшелері залалды бағалау үшін Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарында 1482 үйді аралаған. Ойыл ауданында су деңгейінің төмендемеуі себебінен мүлікті бағалау жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. Келтірілген залалдың төлемдері тәуелсіз бағалау компаниясының қорытындылары бойынша жүргізіледі.

Тіркелмеген мүлікті, көбінесе бау-бақша шаруашылығын бағалау үшін бөлек механизм әзірленеді.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жинау орталығы жұмыс істейді. Барлығы 10 күн ішінде шамамен 300 тонна (210 тонна азық-түлік, 80 тонна азық-түлікке жатпайтын тауарлар, 0,2 тонна дәрі-дәрмек) жиналды. Оның ішінде 215 тонна тауарлар мұқтаж тұрғындарға таратылды. Гуманитарлық көмекті зардап шеккен аудандарға жеткізуге 8 524 ерікті көмектесуде.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб жұмысын вице-премьер Серік Жұманғарин үйлестіруде.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4452 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2471
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3223
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Еркин Татишев : «Около 30% бизнеса в Казахстане не переживет коронакризис»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить