Еліміздің өңірлерінде есірткі саудалаумен айналысып келген бірнеше ұйымдасқан топ ұсталды

 Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматы қаласында есірткіні ешқандай байланыссыз тәсілмен таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы және Семей қалаларында каннабис есірткісін сатумен айналысқан алматылық тұрғындар ұсталды. Гашиш пен марихуананы сату Telegram қосымшасы арқылы жүзеге асырылған. Топты ұйымдастырушы чат құрып, онда гашиш пен марихуананың әртүрлі сорттарының құны туралы ақпарат салып отырған. Топтың басқа мүшелері өздеріне тиісті қылмыстық рөлдерге сәйкес есірткіні заңсыз сақтаумен, дозаларға бөлумен, оларды Алматы мен Семей аумағында тасымалдаумен және жасырумен айналысқан. Қылмыстық топқа қатысушылар қамауға алынып, ұйымдастырушыға іздеу жарияланды. Жалпы бір килограмнан астам гашиш тәркіленді.

Орал қаласында тағы бір қылмыстық топ ұсталды. Олар да каннабис тобының есірткісін сатумен айналысқан. Күдіктілерден 540 грамм гашиш тәркіленді. Топты ұйымдастырушы Telegram мессенджерінде интернет-дүкен құрып, есірткі сатуға басшылық еткен. Есірткіні өткізу интернет-дүкеннің әкімшісі және жалдамалы есірткі жасырушылар арқылы жүзеге асырылған.

Жыл басынан бері ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 20 есірткі зертханасын жойды, оның ішінде сегізінде синтетикалық есірткі әзірленген. Олардан пайдалануға дайын 129 кг синтетикалық есірткі және 390 кг прекурсор тәркіленді. Сонымен қатар 12 фитолаборатория анықталып, олардан 34,5 кг каннабис тобының есірткісі тәркіленді. Биыл полиция алты ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, оның ішінде екеуі трансұлттық топ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4570 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2464
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3217
20 декабря родились
сооснователь Meridian Capital Limited
Forbes Video

Маргулан Сейсембай: о Казахстане в эпоху Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить