Зардап шеккен азаматтардың тұрғын үйлерін қалпына келтіру жұмыстары басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев табиғи апаттан зардап шеккен азаматтар үшін тұрғын үйді қалпына келтіру туралы тапсырма алды. Осы тапсырма шеңберінде министрлікте жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй салуды көздейтін кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді. Бұл туралы ҚР ӨҚМ ресми өкілі Ибраева Меруерт ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, жоспар аясында тұрғын үйлердің екі эскиздік жобасы әзірленді: 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй мен жалпы ауданы 160 шаршы метр болатын 2 пәтерлік тұрғын үй.

«Әзірленген тұрғын үйлердің алдын ала жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді, бұл барлық өңірлерде типтік жобалық құжаттама негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқталып, үлгілік жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен epsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылатын болады. Министр Қанат Шарлапаев кеше сондай-ақ аймақтық және республикалық ірі құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, олардың ресурстарын шұғыл жұмылдыру және құрылысты жедел бастап кету қажеттілігі айтты», – деді спикер.

Сондай-ақ, қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау үшін су тасқынынан зардап шеккен үйлерді әкімдіктердің техникалық тексеруі маңызды кезең екенін түсінген абзал. Сонымен қатар әкімдіктер келтірілген залал мен шығындар көлемін қазіргі уақытта тасқын су әлі толық тартылмаған жағдайда есептеп жатыр.

«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі барлық байланыс арналары арқылы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы халықты үнемі хабардар етіп отырады. Мен де министрліктің ресми өкілі ретінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тұрақты түрде ақпараттандыратын боламын», – деді ведомствоның ресми өкілі.

Министр Қанат Шарлапаев әрбір өңірдегі құрылыс барысын жеке өзі қадағалайтын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6778 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Пойдёт ли Мухтар Джакишев в политику?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить