Бірінші вице-премьер Роман Скляр су басу қаупі жоғары ауылдарды аралады

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысын аралауды жалғастырды. Ол Қызылжар ауданының Бескөл, Долматово, Барневка және Большая Малышка ауылдарында бөгеттер мен шұңқырлардағы бекіністерді, сондай-ақ дайындық жұмыстарын тексерді.

Ауылдық округтердің әкімдері Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады, эвакуациялау пунктілерін ұйымдастыру және эвакуацияланған азаматтардың саны туралы есеп берді. Бескөл және Большая Малышка ауылдарында қорғанысты нығайту үшін қосымша экскаваторлар сұралды.

Роман Скляр жергілікті тұрғындар мен бизнес өкілдері үйлерді су басудан қорғау үшін күш біріктіріп, белсенді түрде атсалысып жатқанын атап өтті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары полицейлер, құтқарушылар мен ауыл тұрғындарына су тасқынының келеңсіз сценарийіне дайын болу керектігін жеткізді.

«Бүкіл өңірде келеңсіз сценарийге дайын болып, белсенді жұмыс істеу керек. Қызылжар ауданына су Петропавлдан кейін бірден келеді. Бөгеттер мен қорғандарды айтарлықтай нығайтып, құм толтырылған қапшықтардың санын көбейтіп, үйлерді қайта тексеріп үлгереміз. Ешкім қауіпті аймақта қалмауы керек, барлығын эвакуациялау қажет», — деді Роман Скляр.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы, Тайынша және Қызылжар аудандарында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Облыста Су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жедел штаб құрылды. 29 наурыз бен 9 сәуір аралығында облыста 103 үйді су басып, 678 адам эвакуацияланды, оның 109-ы – балалар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7160 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3812
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2463
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3216
Forbes Video

Бизнесмен из списка Forbes – о резком росте цен, проблемах бизнеса и недостатках правительства

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить