Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алуға қаражат бөлді

Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді.

Қаражат 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен бөлінді.

Қаржыландыру ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді.

Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайы Республикалық штабтың бақылауында.

Бүгінде үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады.

Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі бүлінген азаматтардан материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді тіркеді.

Бағалау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды. Сонымен бірге Арқалық қаласында және басқа да елді мекендерде үйлерді тексеру жұмыстары жалғасуда.

ТЖ режимі жарияланған басқа облыстарда да зардап шеккен нысандарды техникалық тексеру, бағалау және тізбесін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қауіптің азаюына қарай су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселелері шешіледі. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13195 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3811
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2459
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3214
Forbes Video

Диагноз казахстанской экономике

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить