Қазақстанның кей мемлекеттегі елшілері ауысты

Мемлекет басшысы еліміздің сыртқы ведомствосында бірқатар ауыс-түйіс жасады.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Айдарбек Әнуарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Корей Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7222 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3804
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2453
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3210
Forbes Video

Пойдёт ли Мухтар Джакишев в политику?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить