Олжас Бектенов пен Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстандағы Саха Республикасы күндерінің ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға сапармен келген Саха Республикасының басшысы (Якутия) Айсен Николаевпен кездесті.

Саха Республикасы Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына өз үлесін қосуда. Өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша Қазақстан мен Ресей президенттері деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды.

Бір жыл ішінде Қазақстан мен Саха Республикасы өңірлері арасындағы тауар айналымы 2 есеге жуық өсіп, $160 млн-нан асты. Оның 99%-дан астамы қазақстандық тауарлардың экспортына тиесілі. Талқылау барысында өзара сауданың кең әлеуеті атап өтілді және тараптардың ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және IT салаларындағы қарқынды одан әрі арттыра түсуге дайын екендігі айтылды.

Тараптар жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату бойынша бірлескен жұмысты жандандыру ниетін растады. Қазақстанда бес ірі трансшекаралық сауда орталығының, соның ішінде Ресеймен шекарадағы «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығының іске қосылуы сауда-экономикалық қатынастарға жаңа серпін береді деп күтілуде.

Жиында креативті индустрия және цифрландыру саласындағы тәжірибе мен технологиялар алмасуға, сондай-ақ Қазақстан мен Саха Республикасының ғылыми-зерттеу институттары және білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7414 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3803
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2453
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3210
16 декабря родились
политический деятель РК, экономист, экс-глава Национального банка РК
Forbes Video

Президент авиакомпании Питер Фостер — о доходах в кризис, новых рейсах и развитии FlyArystan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить