Сот Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонын тексеріп жатыр

Елордада экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот өтіп жатыр. Қазір ашық сот отырысында айыпталушының жеке ұялы телефонындағы аудио, фото, видео дәлелдерді зерттеп жатыр, деп жазды Kazinform

«Қ.Бишімбаев соттың зерттеуі үшін ұялы телефонының паролін беруге келіседі», - деді Қ. Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаев ұялы телефонының паролін бермей, тек қорғаушыларына сеніп тапсыратынын айтқан еді.

Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонынан 12 бейнежазба табылды.

Судьяның айтуынша, видеолар 8-нен 9-шы қарашаға қараған түні түсірілген. Бейнежазбалар мейрамхананың VIP-бөлмесінде, көшеде және Бишімбаевтың көлігінде түсірілген. Видеожазбада айыпты азаматтық некедегі Салтанат Нүкенованы бейәдеп сөздермен қорлағаны естіледі.

Өз кезегінде Қ.Бишімбаев мобильді телефонындағы видеолардың қайдан пайда болғанын білмейтінін және олардың монтаж екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін Қ.Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысына БАҚ өкілдерінің кіруіне қайта рұқсат берілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6399 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Кризис логистики в Казахстане

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить