Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасы орынбасарларын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.

Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, бүгін таңертең Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындағанын жазған едік. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7976 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4008
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2702
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3401
30 апреля родились
Замира Канапьянова
генеральный менеджер по связям с общественностью и правительством компании Шеврон Европа, Евразия и Ближний Восток
Forbes Video

Бизнесмен из списка Forbes – о резком росте цен, проблемах бизнеса и недостатках правительства

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить