Каспий жағалауынан сексенге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауына мониторинг жүргізу барысында 12 итбалықтың өлексесі табылды.

Теңіз жануарларының қырылғанын 25 сәуір күні облыстық балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері анықтады.

«Оқиға туралы жұмыс тобына кіретін жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, Экология және полиция департаменттері, Табиғат қорғау прокуратурасы жедел түрде хабардар етілді. Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, Гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар анықталған орнынға шықты», - деді балық шаруашығы комитетінің өкілдері.

Сонымен қатар 23-24 сәуір күндері инспекция теңіз жағалауына мониторинг жүргізу кезінде 67 итбалық өлекселері тапқан. Алайда олардың өлексесі шіри бастағаны белгілі болды.

«Итбалықтардың өлекселері шіріген күйде болды. Жануарлар қыс мезгілінде қырылған болуы мүмкін және осы уақыт ішінде өліктер суда қалқып жүрген деген болжамға негіз бар. Итбалық ұшалары 23 сәуірден бастап батыстан соққан қатты желдің салдарынан жағаға шығып қалған. Гидробиология және экология институтының қызметкерлері сынамаларды алуға болатын бірнеше өлекседен тиісті зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзалардың тіндерін, сондай-ақ азу тістерін ішінара іріктеп алды», - деді балық шаруашығы комитеті.

Қазіргі уақытта Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторинг жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Маңғыстау облыстық Экология департаменті наурыз айының соңы мен сәуір айының басында Каспийде теңіз жануарларының қырылуына қатысты зерттеу жұмыстары басталғанымен, әзірге себебі анықталмағанын атаған болатын.

Бүгінде инспекция 25 наурыздан бастап бүгінге дейін 182 итбалықтың өлексесін тапқан.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
14533 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Андрей Мовчан: мигранты, курс рубля, инфляция

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить