СҚО-дағы Сергеев қоймасында су деңгейі төмендеп келеді

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шаралары жүйелі жүргізіліп, жағдай тұрақтала бастады. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сергеев су қоймасы 152 пайызға толып, қауіп төндірген. Десе де, алдыңғы күні судың деңгейі 23 см-ге төмендеп, уақыт өткен сайын төмендеп келе жатқаны байқалады.

«1 мамырдан бастап СҚО аумағында судың тұрақты төмендеуі болжанып отыр. Қазіргі уақытта су астында қалған 3702 үйдің 196-сынан су сорылды. 14 388 адам эвакуацияланды», - деді Евгений Журавлев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бүгінде халықты уақытша орналастыру пункттерін 906 адам паналап отыр. Су тасқынына қарсы штабтар тәулік бойы жұмыс істейді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
14611 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Мовчан: Казахстан не может жить идеально, когда в мире проблемы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить