Биыл Өзбекстан 2,2 млн қазақстандық туристі қабылдауға ниетті

Биыл Өзбекстан 2,2 млн қазақстандық саяхатшыны қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

2023 жылы Өзбекстанға барған қазақстандық туристердің саны 1,3 миллионнан асты. Саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлеріне жиі барады.

Өзбекстанның Туризм комитетінен мәлім еткендей, қазақстандықтар үшін Қарақалпақстан да танымал туристік бағыттардың бірі саналады.

Сонымен қатар, шенгеннің азиялық баламасы ретінде есептелетін Silk Road Visa жобасын енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл электронды туристік виза әлем елдерінен келген туристерге бірден бірнеше мемлекетке саяхаттап баруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта жобаға қатысушы мемлекеттер тарапынан нормативтік-құқықтық және техникалық бағыттағы механизмдер мен виза мәртебесін айқындайтын ережені келісу, құқықтық реттеу режимі сияқты мәселелер шешілуде», - деп жауап берді ведомстводан Kazinform тілшінің сауалына орай.

Бұған қоса, Қазақстан мен Өзбекстан бірыңғай туристік бренд пен аралас турларды ұйымдастыру бағытындағы жобаларды қолға алды.

Сондай-ақ, мемлекетаралық ынтымақтастықтан өзге, Орталық Азияның «Бір тур - бүкіл өңір» бірыңғай туристік брендін құру жоспарланып отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
10589 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3790
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2444
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3198
Forbes Video

Зачем нужны микрофинансовые организации и что стоит знать перед получением займов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить