Тасқыннан бүлінген электр сымдарын жөндеуге 800 млн теңге керек болуы мүмкін

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов тасқыннан бүлінген электр бағандарын жөндеуге бюджеттен қанша қаражат кетуі мүмкін екенін айтты

«Тасқын салдарынан бүлінген барлық бағандарды қалпына келтіруді электр желілері компаниясы өз мойнына алып отыр. Яғни, бюджеттен ешқандай қосымша қаражат бөлінбейді. Тек Қостанай облысындағы Жангелді ауданында құлаған бағандарға төтенше жағдай бойынша есеп жасалып жатыр. Сол есепке мүмкін төтенше жағдай жанындағы бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. Оны осы аптаның аяғына дейін нақтылаймыз. Қалған өңірлерде ешқандай бюджет шығыны болмайды. Электр желілері компаниясы бәрін өз қаражатынан жөндейді», - деді вице-министр Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

БАҚ өкілі министрлік Жангелді ауданындағы электр бағандарын жөндеуге бюджеттен қанша қаражат сұрап отырғанын сұрады.

«Бүгінгі алдын ала санауымыз бойынша, 800 млн теңгеге жуық болып тұр. Бірақ ол жақта да бизнес саласы көмектесіп жатыр ғой. Тиісті жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ қосымша керек болса, сондай көлемде қаражат бөлінуі мүмкін», - деді Сұңғат Есімханов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7281 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3789
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2443
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3197
Forbes Video

Как казахи хотели Чингисхана «украсть»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить