Үкіметте оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары қарастырылды

Оқу жылының аяқталуына бір айға жуық уақыт қалды. Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдіктері балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызу жұмыс істеуде. Әр өңір бойынша іс-шаралар жоспары ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңестерде қаралып жатыр.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, 1-10 сынып аралығындағы оқушылар саны 3,1 млн-нан асады. Ведомство олардың 88%-ын белсенді жазғы демалыспен қамтуды жоспарлап отыр. Өңірлерде балалардың тізімі түгенделіп, лагерлердегі орындар әзірленіп жатыр. Бірінші кезекте ондағы санитарлық талаптардың сақталуына мән берілмек. Жалпы, балалар үшін жыл бойы қызмет ететін, маусымдық және мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар биыл аймақтарда пилоттық режимде бірнеше жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Мәселен, Қарағанды облысында IT-лагерь ашу жоспарланып отыр. Өңір әкімінің орынбасары Ерлан Құсайынның сөзінше, Теміртаудағы жоғары политехникалық колледж базасында 100 бала демалыстан бөлек, ІТ мамандықтың қыр-сырымен таныспақ. Алдағы уақытта бұл тәжірибені кеңейту жағы да қарастырылып жатыр.

Ал Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы қолға алынған. Оның аясында 120 бала үшін Қатон-Қарағай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласында танымдық іс-шаралар ұйымдастыру көзделген.

«Балалар ауылдық жердегі отбасыларда уақытша қоныстанады. Ондағы ата-аналардың бірі педагог болуы керек. Сондай-ақ балаларға қажетті бөлек бөлмесі, санитарлық талаптардың сақталуы жіті қадағаланады. Жобаға қатысатын отбасыларға арнайы ақы қарастырылған. Отбасылық лагерде балаларға ауылдың тұрмысы, салт-дәстүріміз бен мәдени мұраларымыз таныстырылып, тарихи орындар көрсетіледі», — деді облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Ұлттық дәстүрді дәріптеуді Павлодар облысында этнолагерлер ұйымдастыру арқылы қолға алуды мақсат етіп отыр.

«Өңірлердегі үздік тәжірибелерді кеңінен тарату жағын қарастыру керек. Біз үшін ең маңыздысы – лагерге баратын балалардың қауіпсіздігі. Сондықтан мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктер бұл істе бірігіп жұмыс істеуі керек. Демалыстан, сауықтырудан бөлек, балалардың жан-жақты дамуына қатысты шаралардың мазмұнына баса мән берген жөн. Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты тұрақты бақылауында ұстауы қажет. Ата-аналарға ұсынылатын жазғы демалыс түрлері бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізген жөн», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, елдегі су тасқынына байланысты бірқатар өңірдің оқушылары уақытша оқу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерлеріне орналастырылды. Қазіргі таңда 651 балаға демалыс орындарында тұруға, тамақтануға, оқуға барлық жағдай жасалған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6524 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить