Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты

Көпшіліктің назарын аударған атышулы Бишімбаевтың соты аяқталуға жақын. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесінде бүгін екі айыпталушы – Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Kazinform

Қуандық Бишімбаев бұған дейін алға тартқан фактілерді тағы бір мәрте еске салып, Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірмегенін жеткізді.

Сөз арасында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германияның насихат министрі болған Геббельстің «өтірік сұмдық болған сайын оған сену оңай» деген пікірін қосып, әлеуметтік желілер арқылы бүкіл қоғам өзін қаралап жатқанын атап өтті.

Ол Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрап, алқа билер әділ шешім шығаратынына сенім білдірді.

«Мен кінәлімін. Мойындаймын. Бірақ қасақана өлтірген жоқпын», - деді Бишімбаев.

Бақытжан Байжанов та соттағы соңғы сөзін айтып, Салтанаттың өлімін жасыру былай тұрсын, өлім аузында жатқанын білмегенін алға тартты.

«Иә, қызметкерлерді үйлеріне қайтарып, мейрамхананы жауып, бейнежазбаларды өшіруді бұйырғанымды жасырмаймын. Бірақ мен сол кезде ауыр қылмыс жасалғанын білдім бе? Ант етемін. Білмедім. Егер білгенде қылмысты жасыру әрекеттерінің ешқайсысын жасамайтын едім. Салтанаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы болсын», – деді Байжанов.

Сот процесі 10 мамырда жалғасады.

Айта кетейік, айыпталушы Бишімбаев бұған дейін де Салтанаттың өлімінде өз кінәм бар екенін мойындап, ұрып-соққанын жасырмаған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
12812 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3786
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Жумабек Жаныкулов: деловые связи, месторождения, заводы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить