Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Тоқаевтың Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл туралы 9 мамырда Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

«Құрметті отандастар! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз.

Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз.

Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!

Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз! Бейбітшіліктің қадірін түсініп, оны сақтай білейік! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын!»

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
11892 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4551
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3275
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 4010
11 октября родились
Ермек Сагимбаев
председатель Комитета национальной безопасности РК
Forbes Video

Forbes Kazakhstan продолжает серию интервью в рамках рубрики Q&A. На этот раз бизнес-аналитик Батырхан Тогайбаев поговорил с известным отечественным бизнесменом Кайратом Мажибаевым

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить