Маңғыстауда өңдейтін астық терминалы іске қосылады

Маңғыстау облысында бес жылдан астам тоқтап тұрған астық терминалы іске қосылады. Кешеннің қуаттылығы 100 мың тонна астықты құрайды. Нысанның жылына 140 мың тонна ұн мен 25 мың тонна кебек өндіруге мүмкіндігі де болады. Терминалдың жүк айналымы 2 миллион тоннаға жетуі мүмкін. Олар өнімді Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстанға экспорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚХА ақпараттық агенттігі .

2018 жылдан бері тоқтап тұрған Бейнеу астық терминалының жұмысын қалпына келтіру жұмыстары басталып та кетті. Кәсіпорынның жаңа иесі «Евразия Транс Логистик» ЖШС болды.

Маңғыстау облысының әкімдігі «Халық» қорынан қаржы алып, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, БЖТ жұмысын қалпына келтіру және одан әрі жұмыс істеуге бағытталған іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Терминалдың жобалық қуаттылығы бір мезгілде 100 мың тонна астық сақтауды, сондай-ақ тәулігіне 400 тонна ұн өндіруді құрайды. Бұл ретте терминал жылына 25 мың тонна кебек өндіруге мүмкіндік береді. Терминалдың жүк айналымы жылына 2 млн тоннаны құрауы мүмкін.

Осылайша, нысанның іске қосылуы ауыл шаруашылығы жануарларының малдарын жеткілікті мөлшерде концентрлі жеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Суық мезгілде кебек пен жемге деген қажеттілік жыл сайын 25-28 мың тоннаға жетеді. Бейнеу астық терминалының іске қосылуы Маңғыстау облысының бұл сұранысын толық қанағаттандырады. Қазіргі таңда кебек Қостанай облысы, Орал және Ресейден жеткізіледі. Ресейде олардың өндірісі арзан болғанымен, тасымалдау өнімнің өзіндік құнын арттырады. Жергілікті өндіріс көлік шығындарын азайту арқылы шығындарды 15-20 пайызға азайтады. Осылайша, біз басқа өңірлерден келетін жеткізілімнен бас тарта аламыз», - деп түсіндірді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов.

Ал, Маңғыстау өнеркәсіптік палатасының төрайымы ӘЛЕ Меруерт Құлымбаева Бейнеу астық терминалы 200-ге жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін түсіндірді.

«Құрама жем өндірісі Маңғыстау облысының барлық елді мекендері сияқты Бейну ауданының мал шаруашылығын қолдауға мүмкіндік береді. Құрама жем Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындарына қолжетімді болады. Бейнеу астық терминалының жұмысы жоғары, бірінші және екінші сұрыптағы қолжетімді бидай ұнын шығаруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Меруерт Құлымбаева.

«Евразия Транс Логистикс» ЖШС директоры Жаңбырбай Доспаев Бейнеу астық терминалындағы жұмыстың қайта жандануы нәтижесінде өнімдерді Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан сияқты шет елдерге экспорттау жоспарланып отырғанын айтты.

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин осыған дейін Ауғанстан Премьер-Министрінің орынбасары Абдул Ғани Барадармен кездесуде Ауғанстанға қазақстандық астық пен ұн жеткізу көлемін ұлғайту үшін Бейнеу терминалының қуатын қарастыруды ұсынған болатын. Қазақстан Ауғанстан нарығына осы тауарларды сенімді жеткізуші болған және болып қала беретіні атап өтілді. Терминалда барлық қажетті өндірістік инфрақұрылым бар. Ол өнімді әрі қарай экспортқа тасымалдау үшін жерүсті ауыстырып тиеу қоймасының терминалы қызметін атқаруға қабілетті. Осыған байланысты Маңғыстау өнімдерін Ауғанстанға экспорттау біздің өңірге ғана емес, жалпы Қазақстанға да мультипликативті экономикалық тиімділік береді», - деді Жаңбырбай Доспаев.

Естеріңізге сала кетейік, Бейнеу астық терминалы 2010 жылы пайдалануға берілген. 16 гектар аумақта астық өңдеу және жем өндіру бойынша автоматтандырылған цехтар, элеватор жұмыс істеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында терминалды қалпына келтірудің маңыздылығын атап өткен болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5143 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить