Былтыр Қазақстан 31,2 млн тонна көмір экспорттады

Алдағы жылыту маусымына дайындық жоспары әзірленді. Толығырақ Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтып берді, деп жазды Kazinform

«2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 112,7 млн тонна көмір өндірілді (2022 жылы 113,7 млн тонна), оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 9 млн тонна, энергия және жылу өндіруші кәсіпорындарға 65,9 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 5,9 млн тонна жөнелтілді. Былтыр көмір экспорты 31,2 млн тоннаны құрады», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Одан бөлек, ел өңірлеріне 9,2 млн тонна қатты отын жеткізілген.

«Көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық штаб жедел шара қабылдады. Көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу туралы бұйрықтың мерзімі ұзартылды. Сонымен қатар әлеуметтік көмірдің сыртқа кеті тоқтатылды. Министрлік делдалдарды алып тастау және тұтынушыларға түпкілікті құнын тұрақтандыру үшін көмірді өңірлер бойынша біркелкі бөлу және өңірлік көмір операторлары арасында тікелей қол жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруда», - дейді ол.

Оның айтуынша, министрлік алдағы жылыту маусымына дайындалу мақсатында бюджеттік ұйымдар мен халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдар, көмір өндіруші кәсіпорындар мен Қазақстан темір жолы компаниясымен бірлесіп, арнайы іс-шаралар жоспарын әзірледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5319 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить