Бишімбаевтың тағдырын шешетін сұрақтар: алқабилер кеңесіп жатыр

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты өтіп жатқан сот процесінде судья Айжан Құлбаева алқабилерге қойылатын сұрақты оқып берді. Жауап негізінде үкім шығарылмақ.

Сұрақтар жария етілгеннен кейін 10 алқаби үкімді шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Судья үкімнің жариялану уақыты кейінірек белгілі болатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтқан болатын. Алғашқысы бұған дейін алға тартқан фактілерді тағы бір мәрте еске салып, Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірмегенін жеткізді.

Байжанов болса, Салтанаттың өлімін жасыру былай тұрсын, өлім аузында жатқанын білмегенін алға тартқан болатын.

Сонымен, алқабилерге қойылатын сұрақтар төмендегідей:

1. 2022 жылдың 16 желтоқсанынан 2023 жылдың 9 қарашасына дейін, 2023 жылдың наурызында, сәуірінде және жазда Алматы, Астана қалаларында Нүкеноваға физикалық күш қолданылып, денесінің және басының әр жерін бірнеше рет ұрғаны және оның ар-ожданына моральдық азап көрсетілгені дәлелденді ме?

2. Бұл істерді Бишімбаев істегені дәлелденді ме?

3. Бишімбаев осы істі істегені үшін кінәлі ме?

4. Жәбірленуші Нүкенова Бишімбаевпен бірге тұрғалы жұмыс істеуін тоқтатып, табыссыз қалғаны және материалдық тұрғыда тәуелді болып қалғаны дәлелденді ме?

5. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша айып бойынша бірінші сұрақ: Қылмыс болған күні, атап айтқанда 2023 жылдың 9 қарашасында, шамамен түстен кейін жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болғаны дәлелденді ме?

6. Сипатталған жағдайларда жәбірленушінің қасақана және қасақана мақсатты түрде бірнеше рет ұрып-соғу арқылы алған жарақаттары өліміне себеп болғаны дәлелденді ме?

7. Сотталушы жәбірленушінің өміріне қасақана аяусыз физикалық және моральдық азаптауға, ауыр және ұзаққа созылған азапқа ұшыратып, көп мөлшерде дене жарақаттарын келтіріп, оған су бермей, қорлағаны дәлелденді ме?

8. Бірінші сұрақта сипатталған жағдайларда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген, жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соқтырған басына көптеген соққы жасалғаны, бұл әрекетті сотталушы жасағаны дәлелденген бе?

Естеріңізге салсақ, айыпталушы Бишімбаев бұған дейін де Салтанаттың өлімінде өз кінәм бар екенін мойындап, ұрып-соққанын жасырмаған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4876 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Куралай Нуркадилова: письмо Токаева, политические амбиции

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить