Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті

2024 жылғы 15-17 мамырда Қазақстанға Министрлер Кабинеті министрінің бәсекеге қабілеттілік және тәжірибе алмасу мәселелері жөніндегі орынбасары Абдулла Нассер Лута (Abdulla Nasser Lootah) бастаған Біріккен Араб Әмірліктерінен делегация келді.

Сапар барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мадиев Жаслан Хасенұлымен, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшыларымен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында цифрлық трансформация және бағдарламалау, Стратегиялық жоспарлау және үкімет қызметін цифрландыру саласында тәжірибе алмасу бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру саласындағы жаңа әзірлемелер, стартаптар және Астана хабтың қызметі таныстырылды.

Екіжақты кездесулер шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар басшыларына арналған Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебі Executive Leadership бағдарламасы бойынша оқытудың ресми іске қосылуы өтті.

«Бүгін біз Ұлттық акселератордың іске қосылатынын жарияладық. Өзекті проблемалық мәселелерді шешудің 100 күнінде БАӘ-нің жеделдету тәжірибесін зерделей отырып, осы тетікті Ұлттық жобалық кеңседе іске қосуды жөн көрдік.. Мемлекеттік органдармен бірлесіп акселерациялау тақырыптары анықталды. Маңызды бағыттардың бірі - Capacity Building (әлеуетті арттыру), оның шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебінің Executive Leadership Program бойынша Мемлекеттік органдардың басшыларын оқытамыз. Яғни, БАӘ-не цифрлық вице - министрлерімізді оқытуға жібереміз, олар жасанды интеллектті қолдана отырып, түрлі салалардағы мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістеріне оқытылатын болады», - деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4969 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3913
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2580
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3313
19 февраля родились
Анес Бижанов
экс-председатель совета директоров AMF Group
Forbes Video

Владелец Line Brew: первое за 10 лет интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить