Әлем миллиaрдерлерi

20145

Әлем дәулеттілері үшін қор нарығының құлауы, «жалғызмүйіздердің» жаралануы мен пайыздық мөлшерлемелердің өсуі оңай сынақ болмады

Бернар Арно
Бернар Арно
ФОТО: © Джамель Топпин для Forbes

Жалпы алғанда Forbes капиталы он саннан тұратын 2640 адамды санап шықты, былтыр тізімде 2668 адам еді. Планетамыздағы миллиардерлердің жалпы байлығы $12,2 трлн, бұл тағы да 2022 жылдың наурызында тіркелген $12,7 трлн азырақ.

Былтырғы рейтингте №1 болған Илон Маск Tesla акцияларының құны құлдырап жатқанда, өткен жылы қазан айында $44 млрд-қа Twitter-ді сатып алып, өз-өзіне ауыр жара салды. Дәл қазіргі уақытта Масктың жеке дәулеті шамамен $180 млрд құрайды, өткен жылғы рейтингтегі $219 млрд-тан $40 млрд-қа дерлік азайған. Оның дәулетінің азаюы жаңа көшбасшыға – молшылық бұйымдарының алпауыт өндірушісінің иесі, $211 млрд дәулеті бар француз Бернар Арноға жол ашты.

Осы жылы әйгілі киім дизайнері Том Форд пен гольф жұлдызы Тайгер Вудсты қосқанда тізімге енген 150 адамға қош келдіңіздер дейміз. Өкінішке қарай, барлық қатысушылардың 13%-ы ғана әйелдер, дегенмен бұл былтырғы көрсеткіштен 1% жоғары. Ең көп миллиардерлер бұрынғыдай АҚШ-та (736 адам), артынша Гонконг және Макаоны қосқанда Қытай тұр –бұл елден барлығы 562 миллиардер тізімге енді.

Жеке дәулеттерді есептеу үшін 2023 жылдың 10 наурызы бойынша құнды қағаздардың бағасын белгілеу және валюта айырбастау курсы пайдаланылды. Толығырақ ақпаратты, толық рейтинг пен әдістемені қоса алғанда, forbes.com/billionaires бойынша таба аласыздар.

1. Бернар Арно отбасымен
Дәулеті: $211 млрд • Табыс көзі: LVMH
Жасы: 74 • Азаматтығы: Франция

Әлемді люкс классындағы тауарлармен қамтамасыз ететін магнаттың әлемдік миллиардерлер тізімін бастауы оған тиесілі LVMH компаниясының жыл ішінде табысты болуымен байланысты. Компанияға Louis Vuitton, Christian Dior және Tiffany & Co. кіреді. LVMH түсімі, табысы және акциялары рекордтық көрсеткіштерге жетіп, Арноның дәулеті бір жыл ішінде $53 млрд-қа өсті. Рейтингтің басқа қатысушыларымен салыстырсақ, мұны да осы жылдың рекорды деуге болады. Бұрынғысынан да баи түскен Арно компанияны басқаруды тапсыру жайында да ойланды. Шілдеде Agache холдингін (ол өзіне тиесілі LVMH акцияларының басым бөлігіне иелік етеді) қайта құруды ұсынып, өзінің бес баласына компанияның бес бірдей үлесін табыстады.

Илон Маск
Илон Маск
ФОТО: © Джамель Топпин для Forbes

2. Илон Маск
$180 млрд • TESLA, SPACEX • 51 • АҚШ

Әлемнің ең дәулетті адамдары тізіміндегі бірінші орыннан Маск негізінен Twitter-ді сатып алғанның «арқасында» айырылып қалды. Осы әлеуметтік желіні $44 млрд-қа сатып алатынын жариялаған өткен жылдың сәуірінен бастап Tesla акциялары (Nasdaq-тағы «небәрі» 18% жоғалтқан басқа да техноалыптарды баса көктеп оза отырып) шамамен 50%-ға құлдырады. Инвесторлар Tesla-ның $23 млрд тұратын акцияларын шын жүректен жоқтаған еді, оларды Маск мәмілені қаржыландыру үшін сатқан болатын. Ал бұл уақытта SpaceX акцияларының құны артып, 2023 жылдың басында компания $140 млрд-қа бағаланды, бұл өткен жылдың мамырымен салыстырғанда $13 млрд-қа артығырақ. Десе де, осыны есептеген күннің өзінде Масктың дәулеті бір жылда $39 млрд-қа азайды.

3. Джефф Безос
$114 млрд • AMAZON • 59 • АҚШ

2021 жылы Amazon-ның бас директоры қызметінен кеткен соң Безос өзінің Blue Origin компаниясының зымыранымен ғарышқа ұшып-барып келді. Құны $500 млн тұратын суперяхтасының құрылысымен қоғамды дүр сілкіндіріп, Bezos Academy бағдарламасының аясында тегін балабақшалар ашып, қайырымдылық жобаларының масштабын ұлғайтты, Bezos Earth Fund арқылы қоршаған ортаны қорғау және климат өзгерісімен күресу үшін гранттар бөлді. Бірақ оның жеке дәулеті арта қойған жоқ, Amazon акциялары 38%-ға құлдырағандықтан, Безос былтырғымен салыстырғанда $57 млрд-қа кедейлене түсті, бұл рейтинг қатысушыларының ішіндегі ең үлкен шығын.

Ларри Эллисон
Ларри Эллисон
ФОТО: © Джамель Топпин для Forbes

4. Ларри Эллисон
$107 млрд • ORACLE • 78 • АҚШ

Технологиялық компаниялар үшін қиын жыл болғанына қарамастан, Oracle директорлар кеңесінің төрағасы және бұрынғы бас директоры рейтингте төрт орынға биіктеді. Бұған қауіпсіздік мәселесіне назардың артып, табыстардың тұрақталу жағдайында Oracle акцияларының 10 пайызға өсуі әсер етті. Өткен жылы жазда Эллисон Флоридадағы ең қымбат жекежайлардың бірін ($173 млн) сатып алып, элиталық жылжымайтын мүлік коллекциясындағы тағы бір көзге түсетін экземплярға қол жеткізді. Коллекциясына, мәселен, Гавайдағы Ланаи аралы кіреді, ол жерде бизнесмен уақытының көп бөлігін өткізеді. Тағы бір айта кететін нәрсе, өткен жылы Эллисон өзі төрт жыл бойы отырған Tesla директорлар кеңесінен шықты.

5. Уоррен Баффетт
$102 млрд • BERKSHIRE HATHAWAY • 92 • АҚШ

Соңғы үш жылда Баффетт тапқан қаржысын белсенді түрде жұмсады: Berkshire Hathaway капиталының $90 млрд-қа жуығы акцияларды сатып алуға, өтеуін төлеп кері алуға және Alleghany Corp. сақтандыру компаниясын $11,5 млрд-қа сатып алуға (мәміле қазанда аяқталды) кетті. Қауесетке сенсек, наурыздың соңында өз уақытында талай қаржы дағдарысын көрген «Омахадан шыққан Оракул» президент Байден әкімшілігіне жақында болған жағдайлар бойынша, яғни елдегі ақша салымы жаппай алынып, аймақтық банктерге салыну ықтималына қатысты кеңес берген.

6. Билл Гейтс
$104 млрд • MICROSOFT • 67 • АҚШ

2020 жылы Гейтс директорлар қызметінен кетті, бірақ бұрынғысынша уақытының кем дегенде 10%-ын әзірлеушілер командаларымен өзара әрекеттестікке арнайды, олардың арасында Microsoft қолдау көрсетіп отырған OpenAI компаниясының командасы да бар. «Бір кездердегі компьютер немесе интернет сияқты бұл да өте маңызды нәрсе», – деп атап өтті Гейтс ақпанда Forbes-ке OpenAI шығарған ChatGPT сынды жасанды интеллект жүйелері туралы берген сұхбатында. Бұдан бөлек миллиардер бұрынғы әйелі екеуі бастаған Билл және Мелинда Гейтс қорының жұмысын да кеңейтіп жатыр, олар қордың жұмысын 25 жылда аяқтауды жоспарлап отыр.

7. Майкл Блумберг
$94,5 млрд • BLOOMBERG LP • 81 • АҚШ

Соңғы бір жылда ғана қайырымдылыққа $1,7 млрд жұмсағанына қарамастан Bloomberg LP негізін қалаушыларының бірінің дәулеті өсе түсті, оған өзіне тиесілі компаниясының табысы 2022 жылы $13,3 млрд-қа жетуі себеп. 2021 жылы бұл көрсеткіш $12,5 млрд болған еді. Ұзақ уақыттан бері Израильге қолдау білдіріп келе жатқан Блумберг наурызда New York Times беттерінде бұл елдің премьер-министрі Нетаньяхудың сот жүйесін әлсіретуге қатысты жоспарын сынға алған болатын.

Карлос Слим Элу
Карлос Слим Элу
ФОТО: © Джамель Топпин для Forbes

8. Карлос Слим Элу отбасымен
$93 млрд • Телекоммуникациялар • 83 • Мексика

Нью-Йоркте листингтелетін América Móvil телеком-алпауыттың акциялары бір жыл ішінде 14%-ға өсіп, Слимнің жеке дәулетіне $12 млрд қосып, оны 2019 жылдан бері бірінші рет әлемнің ең бай он адамының қатарына қайтарды. Компания бүкіл Латын Америкасын ұялы байланыспен қамтамасыз етеді. Ол ақпан айында Манхэттенде Метрополитен-музейге қарама-қарсы орналасқан тарихи жекежайын сатылымға шығарды. Сұрап тұрған бағасы $80 млн, бұл 2010 жылы өзі сатып алған бағадан екі есе көп.

9. Мукеш Амбани
$83,4 млрд • Әртараптандырылған бизнес • 65 • Үндістан

Гаутама Адани (№24) статусын жоғалтқан соң Амбани Азиядағы ең дәулетті адам титулын қайтарып алды. Өткен жолы Амбаниға тиесілі Reliance Industries конгломераты табысы $100 млрд асқан алғашқы үндістандық компания болды. Мұрагер туралы қауесеттерді орап өтіп, ең негізгі қызметтерді өзінің балаларына қалдырды: үлкен ұлы Акаш Jio Infocomm компаниясының телеком-бөлімінің директорлар кеңесінің төрағасы болды, қызы Иша бөлшек сауда бөлімін басқарса, екінші ұлы Анант жаңа энергетика бағытын дамытумен айналысты.

10. Стив Балмер
$80,7 млрд • MICROSOFT • 67 • АҚШ

Жақында ғана Балмер иесі атанған L.A. Clippers командасы ҰБҚ-дағы (НБА) ең қымбат алты команданың қатарында. Балмер ол үшін құны $2 млрд болатын стадион салып жатыр, тек жеке қаржыға. Оның 1200 дәретханасы болады деген әңгіме бар, аренаның ашылуы 2024 жылға жоспарланған. 12 ай ішінде Microsoft-тың бұрынғы бас директорының дәулеті $10 млрд-қа өсті. Оған негізінен корпорация акцияларының құнының құлдырауы себеп болған.

11. Франсуаза Беттанкур-Майерс отбасымен
$80,5 млрд • L’ORÉAL • 69 • Франция

L’Oréal империясының мұрагері үшінші жыл қатарынан әлемдегі ең бай әйел статусын сақтап келеді, бұл жолы соңғы бір жылда косметика өндіретін алпауыттың акцияларының 12%-ға қымбаттауы көмектесті. Осы уақыт ішінде Беттанкур-Майерс Нотр-Дам-де-Пари соборын қайта жөндеуден өткізу үшін $230 млн-ға қайырымдылық жасады, өзінің Téthys Invest инвестициялық фирмасына басқарушы директор жалдады. Оның көмегімен ауруханаларды басқаратын Elsan жеке компаниясы сияқты түрлі жобаларды қаржыландырады.

12. Ларри Пейдж
$79,2 млрд • GOOGLE • 50 • АҚШ

Google негізін қалаушылары компанияны күнделікті басқарудан алыстаған үш жылдан кейін 2022 жылдың соңында Пейдж бен Брин (№14) жасанды интеллект технологиясын дамыту бойынша стратегия құру туралы жиындарға қатыса бастады. 2021 жылдың мамырынан бастап 2022 жылдың сәуірі аралығында $2,5 млрд тұратын құнды қағаздар сатқаннан кейін Пейдж өз акцияларын сатуды тоқтатты.

13. Амансио Ортега
$77,3 млрд • ZARA • 87 • Испания

Ортеганың Inditex атты сән империясы АҚШ-та көбіне Zara дүкендер желісі арқылы танымал, қазір жақсы көтеріліп келеді. 12 ай ішінде компания акциялары белсенді сатудың арқасында 39%-ға өсті, ал 2022 жылдағы табысы 18%-ға, яғни $35 млрд-қа дейін өсті. Мұның барлығы бизнесменнің қалтасына қосымша $18 млрд әкелді. Ал миллиардердің қызы Мария Ортега 2022 жылдың сәуірінде Inditex директорлар кеңесінің төрайымы болып тағайындалды.

14. Сергей Брин
$76 млрд • GOOGLE • 49 • АҚШ

Жолдасы Ларри Пейдж (№12) сияқты Брин де 2019 жылдан бастап күн сайын Google-ді айналшықтап жүруді қойды. Бірақ компанияның жұмысына белсенді араласуға қайта оралды ма? Қаңтарда код жазуға қатысты жіберген сауалына қарасақ, соңғы жылдар ішіндегі осындай бірінші сауалы сияқты. Қауесетке сенсек, ол ЖИ пайдалана отырып жұмыс істейтін Google чат-ботына өзгерістер енгізуге қатысты. Пейдж сияқты 2021 жылдың мамыры мен 2022 жылдың сәуірі аралығында Брин де $2,5 млрд-қа компания акциясын сатты, бірақ одан бері сатқан жоқ, тек сыйға берді. Жалпы алғанда Брин Паркинсон ауруын зерттеу үшін $1,1 млрд бөлген.

15. Чжун Шаньшань
$68 млрд • Сусындар, фармацевтика • 68 • Қытай

Қытайдағы бөтелкеге құйылған су патшасы үш жыл қатарынан елдің ең дәулетті адамы. Сусындар шығаратын Nongfu Spring компаниясының акцияларының өсуі коронавирусты анықтайтын тест-жүйесін өндіретін Beijing Wantai Biological Pharmacy акцияларының құлдырауын тепе-теңдікте ұстауда. Оған өткен жылдың соңында Қытайда карантиндік шектеулердің жұмсартылуы себеп.

16. Марк Цукерберг
$64,4 млрд • FACEBOOK • 38 • АҚШ

Басқа технологиялық компаниялардың негізін қалаушылармен салыстырғанда Цукерберг өз өнімінің бас директоры болып қала берді. Жасанды интеллект жүйелерінің өршіп бара жатқан жарысы мен техноиндустриядағы қызметкерлерді жаппай қысқарту жағдайында (2022 жылдың қарашасынан бері Цукерберг Meta Platforms-тың 21 мың қызметкерін жұмыстан босатты) бұл оңай да емес. Сонымен қатар кез-келген ауруды бақылап, емдейтін құралдар жасауды көздеген Чан-Цукерберг қайырымдылық ұйымы наурызда Чикагода жаңа хаб ашатынын мәлімдеді.

17. Чарльз Кох
$59 млрд • KOCH INDUSTRIES • 87 • АҚШ
18. Джулия Кох отбасымен
$59 млрд • KOCH INDUSTRIES • 60 • АҚШ

2022 жылы сатылымы $125 млрд жеткен канзастық Koch Industries конгломератта үлкен өзгерістер болғалы жатыр: еншілес кәсіпорындардың кейбірін қайта құрылымдайды. Жақында ғана Чарльз Кох 55 жыл бойы жалғыз өзі бас директор болғаннан кейін, енді компанияға операциялық директормен бірлесіп жетекшілік ететінін мәлімдеген. Ал Дэвид Кохтың (2019 жылы қайтыс болды) жесірі Джулия Кох болса осы қаңтарда Ньй-Йорктегі Метрополитен-музейдің қамқоршысы болып сайланды.

19. Джим Уолтон
$58,8 млрд • WALMART • 74 • АҚШ
20. Роб Уолтон
$57,6 млрд • WALMART • 78 • АҚШ
21. Элис Уолтон
$56,7 млрд • WALMART • 73 • АҚШ

Ондаған жылдар бойы өздерінің отбасылық кәсіпорынның акцияларын бір киелі дүниедей қабылдап келген соң 12 ай ішінде Walmart негізін қалаушысы Сэм Уолтонның балалары құнды қағаздарды $1,8 млрд-қа сатып жіберді. Көп адам түскен табыстың бір бөлігі Роб Уолтон жақында ғана рекордтық $4,7 млрд-қа сатып алған Denver Broncos командасын қаржыландыруға кетеді деп есептейді. Алайда биікке көтерілуді жылдам бастап кету мүмкін болмады: команда Ұлттық футбол лигасының плей-оффын аяқ астынан жіберіп алды.

22. Дэвид Томсон отбасымен
$54,4 млрд • БАҚ • 65 • Канада

2022 жылда Канаданың ең дәулетті адамы тағы $5,2 млрд-қа баи түсті. Оған Thomson Reuters конгломератында өзіне тиесілі 68%-дың 17%-ға қымбаттағаны себеп болды. Торонтода орналасқан компанияда Томсон директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын иеленеді. Бұл компания жақында өзінің негізгі бағытын (ақпараттық агенттік) SurePrep салық есебінің автоматтандырылған сервисі сияқты ЖИ-ға инвестиция құюмен толықтыруды шешті. Оны Thomson Reuters қаңтарда $500 млн-ға сатып алған.

23. Майкл Делл
$50,1 млрд • DELL TECHNOLOGIES • 58 • АҚШ

Dell Technologies акциялары 27%-ға арзандағаннан кейін директорлар кеңесінің төрағасы және компанияның бас директоры өткен жылы $5 млрд-тан айырылды. Алайда отбасылық капиталды басқару бойынша компаниясы тез дамып, ірі инвестициялық әрі консалтингтік фирмаға айналды. MSD Partners $12 млрд-тан асатын активтерді басқарады, қазанда тағы бір миллиардер Байрон Троттың BDT & Co деп аталатын инвестициялық компаниясымен бірігуді аяқтады.

24. Гаутам Адани
$47,2 млрд • Инфрақұрылым, шикізат • 60 • Үндістан

24 қаңтарда таңертең Адани $126 млрд дәулетімен әлемнің ең бай адамдарының қатарында үшінші орында тұрған еді. Сол күні төмендеуге ойнайтын Hindenburg Research жариялаған есептен кейін, Адани компанияларының акцияларын күрт құлдыратып жіберді.

25. Фил Найт отбасымен
$45,1 млрд • NIKE • 85 • АҚШ

Найт қолындағы $500-бен ғана 1964 жылы Nike-тың негізін қалаушылардың бірі атанған еді. Компаниядағы 25 пайыз үлесінен күні бүгінге дейін қомақты дивиденд көріп келе жатыр. Былтыр салықты ұстап қалғанға дейін $400 млн пайда тапты. Жеткізу тізбегіндегі мәселелер және Қытайдағы коронавирус шектеулері Nike акцияларының құнын 3%-ға азайтты. Nike-тың баскетболдың көтеріліп келе жатқан жұлдызы Майкл Джорданмен келісімшартқа қол қоюы туралы жақында ғана шыққан AIR фильмінде жас Найтты Бен Аффлек ойнайды.

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Как сеть клиник «Diaverum Казахстан» за восемь лет выросла в шесть раз »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Режиссер «5:32» Алишер Утев о том, как коррупция убивает казахстанское кино

Смотреть на Youtube

Историк Радик Темиргалиев о том, когда казахи стали казахами

Смотреть на Youtube

Руслан Шаекин: Миллионер из Караганды

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить