Арал теңізіне батып кеткен ер адамның денесі табылды

Қызылорда облысындағы Кіші Арал теңізі аумағында екі күн бұрын моторлы қайықтан аударылып, суға батып кеткен 43 жастағы азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, оқиға 7 шілдеде Кіші Арал теңізі аумағында болған. Ол Ақеспе ауылынан 3 шақырымдай қашықтықта орналасқан. 1978 жылғы азамат сағат 16.00-де моторлы қайықпен кетіп бара жатқан сәтінде теңізге батып кеткен.

«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы мен 1 техника барды. Суға кеткен азаматтың мүрдесі 9 шілдеде сағат 17.43-те табылды. Құтқарушылар марқұмның мәйітін туысқандарына тапсырды», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері 38 адам суға кеткен. Оның ішінде 20-сы бала.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1827 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3790
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2445
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3204
12 декабря родились
депутат сената парламента РК
Forbes Video

КОСНЁТСЯ ВСЕХ! КАК СДАТЬ ДЕКЛАРАЦИЮ В КАЗАХСТАНЕ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить