Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 5 әкімшілік іс қозғады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов Аntikor орталығы алаңында өткен онлайн-брифинг барысында а.ж. 9 айындағы әкімшілік тәжірибенің қорытындыларымен бөлісті.

Спикердің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 5 әкімшілік іс қозғады, олар бойынша 740 мың теңгеге жуық сомаға айыппұл салынды, айыппұлдар толығымен өндірілді.

Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айында облыстың жергілікті атқарушы органдарының бірінің басшылық құрамның лауазымды тұлғасы еңбек заңнамасын бұза отырып, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды ведомстволық бағынысты мекеменің басшысы ретінде жұмысқа қабылдады, сол арқылы ҚР ӘҚБтК-нің 681-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Кінәлі адам 50 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында облыстың аудандарының бірінің пробация қызметінің инспекторына сыйлық ретінде 10 000 теңге сомасында ақша қаражатын берген шартты түрде сотталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыға 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеушіге келмегені үшін азамат ҚР ӘҚБтК-нің 665-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Бүгінгі күні әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлықты алдын алудың пәрменді құралдарының бірі болып табылады, ол неғұрлым ауыр сыбайлас жемқорлық әрекеттердің уақтылы алдын алуға, сондай-ақ мемлекетке келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады», - деп атап өтті брифинг барысында Арман Рахимов.

Естеріңізге сала кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 15 бап бойынша әкімшілік хаттамалар жасау арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге құқылы, әкімшілік хаттамаларды кейіннен соттар қарайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
920 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Армения не будет платить взносы в ОДКБ в 2024 году
Но это не лишит страну членства в организации
2 мин. 1268
Десятилетие упущенных возможностей: Токаев обозначил основные направления для развития ЕЭС
В том числе это цифровая трансформация, «бесшовная» логистика, модернизация инфраструктуры и расширение соглашений о свободной торговли с третьими странами
6 мин. 1609
Пекин впервые попал в топ-10 рейтинга богатейших городов мира
Города рейтинга ранжированы по количеству проживающих в них миллионеров, центимиллионеров и миллиардеров
4 мин. 4769
Покупка английского футбольного клуба, или Правильное решение Михаила Ломтадзе
Пока казахстанские футбольные клубы служат насосом, с помощью которого предприимчивые люди выкачивают деньги из государственного бюджета, английские становятся объектами выгодных инвестиций
10 мин. 8531
Как искусственный интеллект меняет финтех
ИИ дает финтеху возможность расти и развиваться, снижая затраты и улучшая качество оказываемых услуг
3 мин. 8386
Токаев поздравил ветеранов с Днём Победы
И возложил цветы к монументу «Отан Ана»
34 сек. 6042
9 мая родились
Мурат Байсынов
член правления Altyn Bank
Кайрат Мами
председатель Конституционного совета Республики Казахстан
Forbes Video

Олжас Сатиев: как воюют украинские и российские хакеры и как от санкций пострадает Казахстан?

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить