«Мен де бәрі сияқты аяқ басып жүргім келеді»: сал ауруына шалдыққан балаға экзоскелет берілді

Сал ауруына шалдыққан үшінші бала «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық бағдарламасы аясында экзоскелет алды. Құрылғының көмегімен 11 жасар Санжар Серік үйде бұлшық еттерін дамытып, дұрыс жүруге үйренетін болады.

Санжар көпбалалы отбасынан шыққан. Ақмола облысының Талапкер ауылында тұрады. Әкесі Мәди Әпендиннің айтуынша, екі жасында дәрігерлер балаға церебральды сал ауруы диагнозын қойған. Содан бері түрлі мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарда емделіп, оңалтудан өткен. Баласының аяққа тұруын тілеген ата-ана, тіпті, халық емшілеріне де жүгінген екен.

«Кез келген ата-ана секілді, біз де әр түрлі емдеу жолдарын іздедік, ешқашан мойыған емеспіз. Сондықтан экзоскелеттен үмітіміз зор. Осыған дейін ата-аналар мен мамандардан экзоскелеттің тиімділігі туралы естігенбіз. Оның көмегімен өздігінен жүре бастаған балалар бар екен. Келесі жылы бұйыртса Санжар жүріп кетсе, балаларымды балыққа апарамын. «Балам аяққа тұрды, менімен бірге балық аулап жатыр деп» деп міндетті түрде видеоға түсіретін боламын», - дейді Мәди Әпендин.
Қазір Санжар жүріс құралымен жүре алады. Боксқа қызығушылығы жоғары. Құрдастарымен бірге спорт секцияларына қатыса алатын сәтті асыға күтуде. Қазір болса үйде бокстың әдістерін меңгеруде.

«Мен де бәрі сияқты аяқ басып жүргім келеді. Үйде ағаммен жекпе-жек жасаймыз. Бірақ спорт үйірмелеріне жеке қатысып, барғым келеді», - дейді Санжар.
Спортпен қатар, ол көркем әдебиетке қызығушылық танытып, журналист болуды армандайды.

«Мен журналист атанғым келеді. Теледидардан жаңалықтарды көргенді ұнатамын. Өскенімде Ерқанат Көпжасар сияқты жүргізуші болғым келеді. Маған оның бағдарламаны қалай жүргізетіні өте ұнайды», - деді Санжар Серік.
Бес күн ішінде Санжар Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында (БОҰО) әкесімен, дәрігерлермен, «Mbionics» отандық өндіруші компаниясының мамандарымен бірге экзоскелетті сынақтан өткізді. Тестілеу және оқыту қорытындысы бойынша, сондай-ақ БОҰО жанындағы пәнаралық топтың мақұлдауы бойынша экзоскелет берілді.
  Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Қазақстан халқына» қоры сал ауруына шалдыққан екі балаға экзоскелет алып берді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының мәліметінше, экзоскелеттермен қамтамасыз ету жөніндегі қайырымдылық бағдарламасы тірек-қимыл аппараты бұзылған (церебральды сал ауруы, ми жарақаттары, жұлынның зақымдануы, параплегия, бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы және т.б.) халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған. Бағдарламаға аясында 13 балаға 117 млн теңге көлемінде құрылғы сатып алынады: бір экзоскелеттің құны 9 млн теңге.
Жобаның серіктесі пациенттік ұйым болып табылатын «CyberFund» қайырымдылық қоры балалардың құжаттарын әзірлеу және жинауды жүзеге асырады.

Экзоскелетті өндіруші «Mbionics» отандық компаниясы. Бағдарлама аясында салмағы 25 килограмм болатын әрбір экзоскелет әр баланың жеке қажеттіліктері мен физиологиялық параметрлерін ескере отырып жасалады. Биіктігі 130–дан 160 см-ге дейін және салмағы 60 кг-ға дейінгі балаларға арналған экзоскелет шығаралады. Экзоскелеттің қызмет ету мерзімі – 5 жыл. Өндіруші компания бір жыл ішінде аппараттың жұмысына бақылау жүргізеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3185 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Tesla постоит в Шанхае вторую гигафабрику
Предприятие будет выпускать комплексы аккумуляторов Megapack
42 сек. 21
Журналистку Джамилю Маричеву оштрафовали
Административный суд Алматы наказал её «за размещение и распространение ложной информации»
2 мин. 1456
Галимжан Есенов выкупил акции у миноритариев Jusan Bank на 283 млн тенге
С 2023 года бизнесмен является конечной контролирующий стороной банка и его дочерних компаний
2 мин. 2844
FutureMED Ventures KZ - первый казахстанско-американский венчурный фонд по медицине в США
Он специализируется на инновационных медицинских технологиях
5 мин. 12179
Сколько получил топ-менеджмент Halyk Bank за 2023 год
Общая сумма больше, чем по итогам 2022-го
2 мин. 12032
Что происходит на глобальном рынке слияний и поглощений
В последние годы этот рынок крайне волатилен
5 мин. 4816
14 мая родились
Бахытбек Байсеитов
крупный участник АО «Банк ЦентрКредит»
Forbes Video

Рамиль Мухоряпов: как пережить отмену

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить