Бас прокуратурада активтерді қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Бас Прокурор Берік Асылов ағымдағы жылдың бес айындағы Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының нәтижелері туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, жалпы сомасы 630 млрд теңгеден астам мемлекетке залал өтелді және активтер қайтарылды. Алыс шет елдерден шамамен 400 млн доллар қайтарылды, деп хабарлайды ortcom.kz.

Қадағалау актілері бойынша 5 млрд теңге сомасына 140 мың гектардан астам заңсыз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскелері қайтарылды.

Кеден саласында прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке 57 млрд теңге түсті.

Соттарға құны 13,5 млрд теңге болатын мүлікті мемлекетке қайтару туралы 13 талап қою енгізілді.

Жоғарғы Сотқа олигополиялар пайдасына шығарылған сот актілерін қайта қарау жөнінде 23 наразылық енгізілді. Бүгінде олардың ішінде 16 наразылық қанағаттандырылды, нәтижелері бойынша бюджетке 23 млрд теңге түсуі күтілуде. Тағы 7 наразылық қаралып жатыр.

Қадағалау органының басшысы Мемлекет басшысының осы саладағы тапсырмасын іске асыруға тартылған әрбір уәкілетті органның рөлін ерекше атап өтті.

Ол сондай-ақ активтерді қайтару жөніндегі Комиссияның әрбір шешімі адал бизнеске араласу және қысым жасау фактілеріне жол бермей, байыпты және заң талаптары шеңберінде ғана қабылдануы тиіс екенін еске салды.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру жөнінде шешімдер қабылданды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1778 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Журналистку Джамилю Маричеву оштрафовали
Административный суд Алматы наказал её «за размещение и распространение ложной информации»
2 мин. 1426
Галимжан Есенов выкупил акции у миноритариев Jusan Bank на 283 млн тенге
С 2023 года бизнесмен является конечной контролирующий стороной банка и его дочерних компаний
2 мин. 2796
Бишимбаеву вынесли приговор
Его огласили вечером 13 мая. Приговор не вступил в законную силу
3 мин. 24439
FutureMED Ventures KZ - первый казахстанско-американский венчурный фонд по медицине в США
Он специализируется на инновационных медицинских технологиях
5 мин. 11787
Сколько получил топ-менеджмент Halyk Bank за 2023 год
Общая сумма больше, чем по итогам 2022-го
2 мин. 11637
Что происходит на глобальном рынке слияний и поглощений
В последние годы этот рынок крайне волатилен
5 мин. 4571
14 мая родились
Бахытбек Байсеитов
крупный участник АО «Банк ЦентрКредит»
Forbes Video

Газиз Абишев: бунт Пригожина, будущее России и Казахстана

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить