Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Алдағы күндері Қазақстан аумағына Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер ықпал етеді.

Осыған байланысты күзгі құбылмалы ауа райы әлі де сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қарға ұласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында – қатты қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 07-08 қарашада елдің оңтүстік облыстарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, өңірдің солтүстік жартысында қарлы боран болады. 7 қарашада Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Ауа температурасы:

батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 0-10 жылыдан 2 аяз – 5 жылыға дейін біртіндеп төмендейді;

солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 6 аяз-5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 3 аяз-5 жылыдан 5 аяз -2 жылыға дейін аздап төмендейді;

шығыста түнде 3 аяз-5 жылыдан 7 аяз -2 жылыға дейін, күндіз 5-11 жылыдан 3 аяз -5 жылыға дейін аздап төмендейді;

орталықта түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз - 5 жылы;

оңтүстікте түнде 0-10, күндіз 3-12 жылы;

оңтүстік-шығыста түнде 0-8 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяз, күндіз 10-15, таулы аудандарда 3-8 жылы болады деп күтілуде.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2515 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Банки Казахстана заработали больше 700 млрд тенге на процентах за три месяца
Все участники рынка зафиксировали прибыль в первом квартале 2024 года
5 мин. 7500
Коктейль «гудвил» для бизнеса: как смешать правильные ингредиенты
Нематериальные активы компании влияют на решения кредиторов и инвесторов
3 мин. 3412
Эксперты спрогнозировали курс тенге, инфляцию, базовую ставку
Несмотря на слабый старт с начала 2024 года, рост экономики в следующие 12 месяцев видится профучастникам рынка довольно позитивным
2 мин. 8512
1 миллион евро перечислила Сербия в фонд «Қазақстан халқына»
Средства предназначены для строительства домов в районах пострадавших от паводков
41 сек. 7093
Банки Казахстана заработали больше 700 млрд тенге на процентах за три месяца
Все участники рынка зафиксировали прибыль в первом квартале 2024 года
5 мин. 7500
Почему госдолг – это не «бесплатный ланч»
Более десяти лет многочисленные экономисты (в основном левые, но не только) утверждали, что потенциальные выгоды использования заимствований для финансирования госрасходов намного перевешивают любые издержки, связанные с такими долгами
5 мин. 6490
Forbes Video

Юрий Негодюк - о кофе, налогах и тромбоне

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить