Әскери барлау қызметіне – отыз жыл

Бұл мереке күні 1992 жылғы бесінші қарашада Қазақстан Қарулы күштері әскери барлау органдарының құрылуымен байланысты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Әскери барлау елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс қабілетін нығайту жүйесінде маңызды рөл атқарады. Осыны ескере отырып, биыл Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери барлауды күшейтуді тапсырды.

Осыған байланысты сыртқы және ішкі қауіп-қатерлер туралы сенімді ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге арналған жүйені жетілдіруге бағытталған шаралар кешені қабылдануда.

Отыз жыл ішінде Қазақстанның Қарулы күштерінде мамандарды даярлаудың шетелдік мектептерден кем түспейтін отандық жүйесі қалыптасты. Мұны оқу-жаттығулардан, жедел және жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізу кезінде міндеттерді орындау сапасынан байқауға болады. Сонымен қоса барлау органдары мен бөлімшелерін жарақтандыру мәселесі де жетілдіріліп келеді.

Әдетте, барлау ақпараты әрқашан Қарулы күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскерлер қолбасшыларының, командирлердің шешім қабылдауына негіз болады. Демек олардың жұмысы жауынгерлік міндеттердің толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

ҰҚШҰ-ның «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуы аясында қазақстандық барлаушылар бірыңғай ақпараттық өрісте деректерді жинауды, талдауды және беруді сәтті жүргізді. Біріккен топтың құрамында олар рейд жасақтарын айналып өтіп, жаудың орналасқан жерін анықтап, олардың координаттарын берді. Әскери барлаушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында артиллерия мен майдан авиациясының жоғары дәлдікте жасаған соққыларынан шартты қарсыластың күштері мен құралдары жойылды.

Мемлекет мүдделерін қорғау жолында жүрген әскери барлаушыларға жоғары жауапкершілік, жанқиярлық пен Отанға жан-тәнімен берілу қызметі тән. Олардың жұмысы үнемі ақыл-ой мен шымырлықты, батылдықты, төзімділікті, тапқырлықты, мықты ерік-жігерді жұмсауды қажет ететін мәселелердің оңтайлы шешімін үздіксіз іздеумен байланысты екені бәрімізге мәлім.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4150 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Токаев подписал указ о либерализации экономики
В Казахстане создадут Национальный офис по приватизации
2 мин. 316
Какие практики Казахстан может перенять у Сингапура
Республике нужен позитивный имидж, уверен работающий в Сингапуре стартапер
7 мин. 581
Forbes Kazakhstan журналының мамыр айындағы саны қазақ тілінде жарық көрді
Басылымның жаңа санын журналдың бас редакторы Асия Акишева ұсынып отыр
3 мин. 548
Ветер перемен: что ждёт банковский сектор Казахстана
И как менять его регулирование
11 мин. 4674
Серик Толбасы передаёт активы в REIT TSPG
Казахстанский предприниматель формирует новые стандарты инвестиций в торговую недвижимость
5 мин. 3982
Почему на протесты первыми вышли «привилегированные» сторонники Газы
«Антисионистское» движение, распространившееся в университетских кампусах США, часто оказывается непоследовательным
5 мин. 2725
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Юрий Негодюк - о кофе, налогах и тромбоне

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить