Ауылдық кірісті жақсарту жобасы: өтінімдерді қабылдау ашық

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асу барысы қаралды. Бұл туралы Жамбыл облысының облысының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Басқосуда аталған жобаның екінші кезеңіне дайындық шаралары, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі талқыланды.

Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың айтуынша, ұсынылып отырған 10 ауылдық округте 26 072 тұрғын тұрады десек, ондағы аула саны 4386-ны құрайды. Жалпы 1600-ден астам жобаны іске асыру көзделуде.

Қазіргі таңда өтінімдер қабылдау жұмыстары жүруде. Аймақ басшысы өтінім қабылдау, тұрғындар арасында түсіндіру, талдау, есептеу жұмыстары баяу орындалып жатқан аудан басшылықтарынан жауаптар алды. Жұмыстарды жеделдетіп, тұрғындарға құжаттарды дайындау шараларына барынша көмек көрсету керектігін ескертті. Басқарма мен кейбір аудандардың мәліметтеріндегі айырмашылықтарды сынға алып, өзара бірлесіп, ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, әрекет етуді талап етті.

Пилоттық жобаға енген ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді де кешенді түрде шешу, төрт-түлікті асылдандыру үшін қолдан ұрықтандыру жұмыстарының маңыздылығын да атап өтті.

«Мақсатымыз – тұрғындардың тұрмысын тіктеп, табысын арттыру. Азаматтар мемлекеттің қолдауын сезінуі тиіс. Олар жоба аясында жеңілдетілген несие алып, шаруаларын жолға қойып, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалана отырып, өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етуі маңызды. Жауаптылар барлық ұйымдастыру жұмыстарын дер кезінде үйлестіруі керек», – деді Нұржан Нұржігітов.

Бес бағыт бойынша өзге де қатысты басқармалар атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3438 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Двусторонние переговоры Азербайджана и Армении проходят в Алматы
Министры иностранных дел двух стран прибыли в Дом дружбы
2 мин. 291
Теннисный турнир Visa Open 2024 открыл сезон в Gorky Tennis Park
5 и 6 мая в Gorky Tennis Park было шумно: мощные игры, красивые пары, зрелищные розыгрыши и неожиданные победы. Всё это — Visa Open 2024
2 мин. 280
Токаев подписал указ о либерализации экономики
В Казахстане создадут Национальный офис по приватизации
2 мин. 778
Ветер перемен: что ждёт банковский сектор Казахстана
И как менять его регулирование
11 мин. 5199
Серик Толбасы передаёт активы в REIT TSPG
Казахстанский предприниматель формирует новые стандарты инвестиций в торговую недвижимость
5 мин. 4456
Какие практики Казахстан может перенять у Сингапура
Республике нужен позитивный имидж, уверен работающий в Сингапуре стартапер
7 мин. 962
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Раимбек Баталов: санкции, переезд российского бизнеса, помощь предпринимателям

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить