Қызылордада «Мамандығым – болашағым» атты І облыстық форум өтті

Қызылордада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Мамандығым – болашағым» атты І облыстық форум өтті. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және облыстық білім басқармасы ұйымдастырған форумда республика бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары айтылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлайды.

Іс-шараға облыстағы мектептер мен колледж директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары, қалалық, аудандық білім бөлімінің басшылары, кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты мамандары қатысты.  

Жиында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы осы форумға даярланған бейнежазбасы көрерменге ұсынылды. Министр кәсіби бағдар беру жұмыстарын жетілдіру, өңірлік атласты даярлаудың маңыздылығына тоқталды.

«Білім беру еңбек нарығының талабына сәйкес жұмыс істеу керек және кадрларды сол тапшылыққа, біліктіліктерге даярлау қажет. Енді бірнеше өңірде осы модельді өңірлік университеттердің негізінде бастайтын боламыз. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті  өңірлік форсайттың жобалық офисі ретінде оқытылады. Алдағы уақытта осындай ауқымды бастамалар мен семнарларды өткізеді», – деді министр.

Форумда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова биылғы талапкерлердің басым көпшілігі қандай мамандық таңдағандығына шолу жасап, мектептегі кәсіби бағдар беру жұмыстары кезінде  өңірдегі сұранысты ескеру керегін, осы бағытта жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4683 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Какие практики Казахстан может перенять у Сингапура
Республике нужен позитивный имидж, уверен работающий в Сингапуре стартапер
7 мин. 179
Forbes Kazakhstan журналының мамыр айындағы саны қазақ тілінде жарық көрді
Басылымның жаңа санын журналдың бас редакторы Асия Акишева ұсынып отыр
3 мин. 351
Mr. Serik Tolbassy Transfers Assets to REIT TSPG
A Kazakhstan entrepreneur forms new standards for investments in commercial real estate
5 мин. 475
Ветер перемен: что ждёт банковский сектор Казахстана
И как менять его регулирование
11 мин. 4031
Серик Толбасы передаёт активы в REIT TSPG
Казахстанский предприниматель формирует новые стандарты инвестиций в торговую недвижимость
5 мин. 3408
Казахстанскому бизнесу возместят затраты на покупку оборудования
МСБ смогут вернуть до 40 процентов затраченных средств
3 мин. 2981
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Куанышбек Есекеев: 5G, интернет в сёлах и киберспорт

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить