Елордада 26 мыңнан аса оқушы мектеп тапшылығының зардабын тартып отыр

 Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Астанадағы мектеп тапшылығы мәселесін көтерді.

«Елорда маңында орналасқан «Лесозавод» ауданындағы №49 мектепке бардым. Мұнда 1 300-ден астам бала оқиды. Мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысымен танысып, оқу кабинеттерін араладым, кітапханада оқушылармен және кітапханашымен әңгімелестім. Сондай-ақ әріптестеріммен жұмыс мәселелерін талқыладық. Астанадағы білім басқармасының мектептерде оқушылар сарайының филиалдары мен басқа да қосымша білім беру ұйымдарын ашу бойынша оң тәжірибесін атап өткім келеді. Мысалы, бұл мектепте авиамодельдеу, бокс, волейбол және басқа үйірмелер жұмыс істейді»,-деп жазды министр Facebook парақшасында.

Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында жаңа мектеп салу жоспарланып отырған бірнеше орынға барған.

Бұл - Керей және Жәнібек хандар көшесіндегі (әрқайсысы 2 000 оқушы орны), Төле би көшесіндегі (2 000 оқушы орны) және Байтұрсынов, 7 мекенжайындағы (600 оқушы орны) мектептер.

Оның айтуынша, қазір қалада оқушы орнының тапшылығы 26 мыңнан асады.

Бұл мәселені шешу үшін 2024-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде екі ауысымда 85 мыңнан астам оқушы орнын қамтамасыз ететін 24 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Басым көпшілігі 2024 жылы салынып бітеді.

«Ұлттық жобаны іске асыруға жетекшілік ететін Астана әкімдігінің өкілдері жер учаскелерін бөлу, ЖСҚ дайындау, инженерлік инфрақұрылым және т.б. мәселелерді шешіп жатқанын атап кеткім келеді. Болашақта елордада білім беру объектілерін салу үшін 102 жер учаскесін бөлу жөніндегі шешім де уақытылы қабылданды. Президенттің жаңа ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында алдағы уақытта үшауысымды оқыту мәселесі ғана емес, оқушы орындарының тапшылығы да толық шешіледі»,-деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2292 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Коктейль «гудвил» для бизнеса: как смешать правильные ингредиенты
Нематериальные активы компании влияют на решения кредиторов и инвесторов
3 мин. 685
Эксперты спрогнозировали курс тенге, инфляцию, базовую ставку
Несмотря на слабый старт с начала 2024 года, рост экономики в следующие 12 месяцев видится профучастникам рынка довольно позитивным
2 мин. 1341
1 миллион евро перечислила Сербия в фонд «Қазақстан халқына»
Средства предназначены для строительства домов в районах пострадавших от паводков
41 сек. 499
По верхней границе диапазона: Zeekr вышла на IPO
Листинг автопроизводителя стал крупнейшим размещением в США среди китайских компаний за последние три года
2 мин. 7207
Двусторонние переговоры Азербайджана и Армении проходят в Алматы
Министры иностранных дел двух стран прибыли в Дом дружбы
2 мин. 3140
1 миллион евро перечислила Сербия в фонд «Қазақстан халқына»
Средства предназначены для строительства домов в районах пострадавших от паводков
41 сек. 499
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Газиз Абишев: бунт Пригожина, будущее России и Казахстана

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить