«Көшпенді садағы» коллекциялық монеталары айналымға шықты

Қазақстан Ұлттық банкі Kóshpendi Sadaǵy коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды ҚҰБ сайты

Kóshpendi Sadaǵy коллекциялық монеталары күмістен (алтын жалатылған) жасалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 дана.

Монета реверсінде садақ атып тұрған көшпенді жауынгердің бейнесі орналасқан. Ал, жоғарғы бөлігінде көшпенділер қаруының символы ретінде ұшып бара жатқан жебелер көрсетілген. Аверсінің орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Бұл – қорғаныс қалқанының аллегориясын білдіреді. Елтаңбаның айналасында ою-өрнек пен мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі Qazaqstan Respýblikasy және Republic Of Kazakhstan жазулары, ҚҰБ логотипі мен монета номиналының дайындау металының, сынама мен массаның белгілері орналасқан.,

Монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҰБК сапа сертификаттары бар кәдесый қаптамасында шығарылады. Сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша жарияланады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банктік шоттарға аударуға және еліміздің барлық банктерінде аудару, айырбастау үшін олардың атаулы құны бойынша қабылдануға міндетті.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1393 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2451
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3208
15 декабря родились
внештатный помощник первого президента РК
президент Союза товаропроизводителей и экспортеров Казахстана
генеральный директор ТОО «Транс Азия Констракшн»
Forbes Video

Айдын Аимбетов: Я готовился шесть лет, чтобы полететь в космос

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить