Алматыда жеке тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында алғаш рет мемлекеттік балабақша ашылды

Бостандық ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын төмендету мақсатында Алматы қаласы әкімдігі мен құрылыс компаниялары арасында жасалған меморандум аясында салынған №189 мемлекеттік балабақша ашылды. «Акварель» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан балабақша 300 орынға есептелген, балалардың денсаулығын, ой-өрісін, ойлануы мен логикасын дамытуға арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Балабақшада инклюзивті білім беру үшін барлық жағдай жасалған, «Робототехника», «Сенсорика», «Қолөнер» және «Монтессори» кабинеттері ашылды. Ойын алаңдарында ойын кешендері мен көлеңкелі шатырлар орнатылған. Балалардың иммунитетін нығайту мақсатында балабақша «тұз шахтасымен» жабдықталған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балабақша бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын төмендету бойынша жұмыстар ерекше бақылауда. Ағымдағы жылдың басынан бастап қала бойынша 2 630 орындық 46 жеке балабақша ашылды, ағымдағы жылдың соңына дейін 320 орындық 2 мемлекеттік және 2600 орындық 29 жеке балабақша ашу жоспарлануда.

2022 жылы 7179 орындық 109 балабақша ашылды, оның ішінде 120 орындық 1 мемлекеттік және 7059 орындық 108 жеке балабақша. Осылайша, 2022 жылдан бастап 10 109 орындық 156 балабақша ашылды.

Сонымен қатар, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру үшін жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізіледі. 2023 жылдың басынан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға 3 801 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 2 конкурс өткізілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2178 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3207
15 декабря родились
внештатный помощник первого президента РК
президент Союза товаропроизводителей и экспортеров Казахстана
генеральный директор ТОО «Транс Азия Констракшн»
Forbes Video

Казахи в Украине: бизнес в условиях войны

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить